Қолданыстағы ред. 05.05.2009 (Редакция 46202_148994.kaz)

Көше атауларын өзгерту және жою туралы от 05.05.2009 г. № 5 (Көше атауларын өзгерту және жою туралы)

0

Көше атауларын өзгерту және жою туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы"Заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы N 45 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" қаулысын басшылыққа ала отырып және аудандық ономастикалық комиссия отырысының 2008 жылғы 23 маусымдағы N 5 ұйғарымына сәйкес, ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1

1. Лубен селолық округіне қарасты Лубен селосының көшелерінің төмендегідей атаулары өзгертілсін және көшелер жойылсын:

1

1) Советская - Б. Мухамбетова, Джамбула - Ж. Жабаев, Плотникова – С. Искалиева, Короткая - Исатай батыр, Мир – Бейбітшілік, Рабочая – Ғ. Қараш, Операйло - Н. Азовсков, Морская – Шыңғырлау, Целинная - С. Мұхамбеталиев, 1 мая - Халықтар достығы, ХПП - Ж. Досмұхамбетов, Новостройка - М. Куантаев.

2

2) Октябрьская, Гагарина, Юбилейный, Клышева - жойылсын.

2

2. Осы шешімді орындау барысында қажетті қаржы шығымдарын заңнамаларға сәйкес қарауды округтің бас маман – есепшісі Д. Кужиеваға жүктелсін.

3

3. Осы шешімді орындау және қадағалау өзіме қалдырамын.

4

4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.