Құжат мәтініне өту

Об организации молодежной практики для безработной молодежи Абайского района

Қаулы · № 10/07 · қабылданған 20.04.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-46216/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об организации молодежной практики для безработной молодежи Абайского района Күшін жойған Қаулы ·№ 10/07 ·20.04.2009
11.03.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.03.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации молодежной практики для безработной молодежи Абайского района

Күшін жойған Қаулы ·№ 10/07 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации молодежной практики для безработной молодежи Абайского района
Атауы (қаз.)
Абай ауданының жұмыссыз жастары үшін жастар практикасын ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
10/07
Қабылданған күні
20.04.2009
Көрсетілген редакция
11.03.2010 AI46216_2.kaz
Соңғы өзгеріс
11.03.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09KI000063
ЭКБ идентификаторы
46216
Редакция идентификаторы
AI46216_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:22

0 Абай ауданының жұмыссыз жастары үшін жастар практикасын ұйымдастыру туралы

Жоғары оқу орындарының, колледждердің және кәсіптік лицейлердің түлектерін – жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру, олардың практикалық тәжірибе, білім және дағды алу мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 "Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысын басшылыққа ала отырып, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті орган – "Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С.А. Ақсанов):

1 1) жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелген жоғары оқу орындарының, колледждердің және кәсіптік лицейлердің түлектері арасында жастар практикасын жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастырсын;

2 2) жұмыссыз жастарға уақытша жұмыс орындарын ұсынуға тілек білдірген жұмыс берушілермен жастар практикасын ұйымдастыруға келісімшарт жасасын;

3

3) жастар практикасын жүргізу бойынша іс-шараларды қаржыландыру 002 "Жұмыспен қамту бағдарламасы" 103 "Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар практикасын кеңейту" ішкі бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылсын;

4 4) жастар практикасына қатысушыларға 15000 (он бес мың) теңге мөлшерінде еңбек төлемі қарастырылсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары І.І. Ісләмовқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы