Жоғары білім беретін оқу орындардың, колледж және кәсіптік лицейлердің бітірушілеріне "Жастар тағылымдамасын" ұйымдастыру туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Жоғары білім беретін оқу орындардың, колледж және кәсіптік лицейлердің бітірушілеріне "Жастар тағылымдамасын" ұйымдастыру туралы
- Атауы (қаз.)
- Жоғары білім беретін оқу орындардың, колледж және кәсіптік лицейлердің бітірушілеріне "Жастар тағылымдамасын" ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1563
- Қабылданған күні
- 19.05.2009
- Көрсетілген редакция
- 09.06.2011 · қолданыстағы AI46250_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.06.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09UD000068
- ЭКБ идентификаторы
- 46250
- Редакция идентификаторы
- AI46250_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:04
0 Жоғары білім беретін оқу орындардың, колледж және кәсіптік лицейлердің
бітірушілеріне "Жастар тағылымдамасын" ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 12 наурыздағы N 765 "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына жасаған Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Жарлығына, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 11 наурыздағы N 79 "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына жасаған Жолдауын Оңтүстік Қазақстан облысында жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" қаулысына сәйкес және халықты жұмыспен қамтуда жәрдем көрсету іс-шараларын кеңейту мақсатында, Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарында (әрі қарай – Жұмыс беруші) жоғары білім беретін оқу орындарды, колледж және кәсіптік лицейлерді бітіріп жұмыспен қамтылмаған жастарға (әрі қарай - Бітіруші) Жастар тағылымдамасын ұйымдастыруды және өткізуді.
2 2. Бітірушілер үшін жастар тағылымдамасын ұйымдастыру келесі шарттарды ескере отырып өткізіледі:
1 1) оқу орындарын бітіріп жұмысқа орналаспаған Бітірушілердің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде (әрі қарай – Уәкілетті орган) жұмыссыз ретінде тіркелуі;
2 2) Бітірушінің алған мамандығы бойынша еңбек өтілінің болмауы.
3 3. Уәкілетті орган:
1 1) келешекте одан әрі даму және өндірісін кеңейту перспективасы бар және Бітірушілер үшін Жастар тағылымдамасы бойынша әлеуметтік жұмыс беруші бола алатындар жайында ақпарат жинау жұмыстарын іске асырады;
Жұмыс берушінің кадрлық сұраныстары негізінде, Жастар тағылымдамасына қатысу үшін жұмыссыз Бітірушілер арасында таңдау жұмыстарын жүргізеді;
2 2) жұмыссыз Бітірушіге Жастар тағылымдамасына қатысу үшін жолдама береді;
3 3) оқу орындарын бітірген жұмыссыз Бітірушілерге Жастар тағылымдамасы аясында жұмыс орындарын беруге ықылас білдірген Жұмыс берушімен келісім-шарт жасайды.
Келісім-шартта Жұмыс беруші мен Уәкілетті органның құқықтары мен жауапкершілігі, жұмысқа қабылданып жатқан жұмыссыз Бітірушілердің саны, жастар тағылымдамасы аясында Жұмыс берушінің ұйымдастырған мамандықтарының тізімі ескеріледі.
Келісім-шарт кемінде алты ай мерзімге жасалады.
4 4. Жұмыс беруші:
1 1) Жастар тағылымдамасынан өту үшін Уәкілетті орган жолдап отырған Бітірушімен Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасайды;
2 2) Жастар тағылымдамасы аясында әр бір жұмыс орнында қауіпсіздік жағдайын жасалуын қамтамасыз етеді;
3 3) Жастар тағылымдамасына қатысушылардың жұмыс уақытына есеп жүргізу табелін және актін жүргізіп, әр айдың 25-не дейін Уәкілетті органға өткізеді;
4 4) Жастар тағылымдамасына жолданған Бітірушіні тағылымдаманың мерзімі біткенше, өз құзырымен тұрақты жұмысқа қабылдап алуға құқығы бар;
5 5) еңбек шартының мерзімі өткендігі немесе Бітірушіні тұрақты жұмысқа қабылданғандығы жайлы Уәкілетті органды хабардар етеді;
6 6) еңбек шартының мерзімі өткеннен кейін жұмыссызға Жастар тағылымдамасына қатысуы туралы пікір (ұсыныс хат) береді.
5 5. Уәкілетті орган Жұмыс берушімен түзген келісім-шартты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұзуға құқығы бар.
6 6. Жастар тағылымдамасын өткізу жөніндегі іс-шаралар бюджет қаржысы есебінен қаржыландырылады.
7 7. Жастар тағылымдамасына қатысушылардың еңбек ақысы ай сайын нақты жұмыс атқарған уақыты үшін 15 мың теңге кем емес көлемінде Уәкілетті органмен төленеді.
Жастар тағылымдамасына қатысушылардың еңбек ақысы Бітірушінің есеп-шотына аудару арқылы жүргізіледі.