Құжат мәтініне өту

Об определении перечня целевых групп населения

Қаулы · № 257 · қабылданған 23.04.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-46264/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об определении перечня целевых групп населения Күшін жойған Қаулы ·№ 257 ·23.04.2009
29.07.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.07.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня целевых групп населения

Күшін жойған Қаулы ·№ 257 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня целевых групп населения
Атауы (қаз.)
Халықтың нысаналы топтарының тізбесін анықтау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
257
Қабылданған күні
23.04.2009
Көрсетілген редакция
29.07.2010 46264_215110.kaz
Соңғы өзгеріс
29.07.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09ZC000079
ЭКБ идентификаторы
46264
Редакция идентификаторы
46264_215110
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:18

0 Халықтың нысаналы топтарының тізбесін анықтау туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Халықтың нысаналы топтарының тізбесі анықталсын.

2 2. "Бөрлі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарын жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі шараларды көздесін.

3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары В. Савченкоға жүктелсін.

5 Бөрлі ауданы әкімдігінің

2009 жылғы 23 сәуірдегі
N 257 қаулысымен
бекітілген
Халықтың нысаналы топтарының
тізбесі

1 1. Табысы аз адамдар.

2 2. Жиырма бір жасқа дейінгі жастар.

3 3. Балалар үйінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар.

4 4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызбасты, көп балалы ата-аналар.

5 5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар.

6 6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар жасына байланысты (зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған).

7 7. Мүгедектер.

8 8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар.

9 9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар.

10 10. Оралмандар.

11 11. Ұзақ уақыт жұмыс істемейтіндер (бір жыл және одан да көп).

12 12. Елу жастан асқан адамдар.

13 13. Бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектері.

14 14. Алған мамандық бойынша еңбек өтілі және тәжірибесі жоқ, жұмыстан бос жастар.

15 15. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіптік оқуды бітірген жұмыссыздар.

16 16. Жалпы білім беру мектептерінде, кәсіптік бастауыш, орта және жоғары оқу орындарында оқитын жастар (демалыс кезінде).

Қолданыстағы