Көксу ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Көксу ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
- Атауы (қаз.)
- Көксу ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 102
- Қабылданған күні
- 19.05.2009
- Көрсетілген редакция
- 12.01.2011 · қолданыстағы AI46265_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.01.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09DN000075
- ЭКБ идентификаторы
- 46265
- Редакция идентификаторы
- AI46265_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:03
0 Көксу ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабындағы 5-тармақтың 5-4)-тармақшасына, 18-1-бабына сәйкес, нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді таңдау тәртібі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. "Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілермен келісім-шартқа отыруға уәкілетті орган болып саналсын.
3 3. "Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Айгүл Нұртайқызы Шаяхметова);
1 1) халықтың нысаналы тобына жататын уәкілетті органда тіркелген жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберуді жүзеге асырсын;
2 2) 2009 жылға арналған ауданның бюджетінде көрсетілген қаражат шегінде жұмыс берушінің еңбегіне төлеген шығынның ішінара төлемін өтесін;
3 3) әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жұмыссыздардың еңбегіне төлеген шығынның ішінара өтемақысының мөлшері келісім-шарт негізінде екінші банк деңгейіндегі жұмыс берушілердің есеп шотына аудару арқылы жүзеге асырылсын;
4 4. "Көксу ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Серік Сапарұлы Нұрмұхамбетов) әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру бойынша қаражатты уақытымен бөлінуін қамтамасыз етсін.
5
5. Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" N 401 (Көксу ауданының әділет басқармасында 2008 жылғы 28 қаңтар күні мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 2-14-51 болып енгізілген, 2008 жылы 8 ақпан күні N 6 (4368) "Көксу таңы" газетінде жарияланған) қаулының күші жойылды деп танылсын.
6 6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Әлия Секерғалиқызы Садықоваға жүктелсін.
7 7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
11 Көксу ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 19 мамырдағы
"Көксу ауданында әлеуметтік
жұмыс орындарын ұйымдастыру
туралы" N 102 қаулысына
қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс
берушілерді таңдау тәртібі.
Осы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді таңдау тәртібі (бұдан әрі - Тәртіп) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1 бабына сәйкес, нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында жасалған.