Об организации профессиональной последипломной практики для безработной молодежи Осакаровского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации профессиональной последипломной практики для безработной молодежи Осакаровского района
- Атауы (қаз.)
- Осакаров ауданының жұмыссыз жастары үшін дипломнан кейінгі кәсіптік тәжірибені ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 14/03
- Қабылданған күні
- 20.05.2009
- Көрсетілген редакция
- 01.02.2012 AI46284_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.02.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09KO000105
- ЭКБ идентификаторы
- 46284
- Редакция идентификаторы
- AI46284_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:03
0 Осакаров ауданының жұмыссыз жастары үшін дипломнан кейінгі кәсіптік тәжірибені ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына сәйкес, жоғары оқу орындарының, колледждердің және кәсіптік лицейлердің (әрі қарай – кәсіптік оқу орындары) түлектерін – жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру және олардың кәсіптік тәжірибе, білім және дағды алу мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (әрі қарай - жұмыспен қамту):
1
1) жұмыспен қамту бөлімінде тіркелген, кәсіптік оқу орындарын ағымдағы жылы бітірген, сондай–ақ кәсіптік оқу орындарын бітірген уақыттан бастап бір жыл мерзім ішінде жұмыс істемеген жұмыссыз жастар арасында дипломнан кейінгі кәсіптік тәжірибені (әрі қарай – Жастар тәжірибесі) жүргізу бойынша жұмысты, мамандығы бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін алу үшін, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін және еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін жағдайлар жасауды ұйымдастырсын;