О корректировке и установлении ставок отдельных видов налогов и платежей относительно базовых ставок
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О корректировке и установлении ставок отдельных видов налогов и платежей относительно базовых ставок
- Атауы (қаз.)
- Салықтар мен төлемдердің жекелеген түрлерінің ставкаларын базалық ставкаларға қатысты түзету және белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 196
- Қабылданған күні
- 28.04.2009
- Көрсетілген редакция
- 24.01.2012 AI46396_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.01.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09NO000112
- ЭКБ идентификаторы
- 46396
- Редакция идентификаторы
- AI46396_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:12
0 Салықтар мен төлемдердің жекелеген түрлерінің ставкаларын базалық ставкаларға қатысты түзету және белгілеу туралы
"Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 386 бабының 1 тармағының, 422 бабының 2 тармағының, "Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексін қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36 бабының 1 тармағының 1) тармақшасы мен 6 тармағына және Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасының негізінде Меңдіқара аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1 1. Автотұрақтар, автомобильге май құю станциялары орналасқан жер учаскелеріне салық ставкасын базалыққа қатысты 10 есе ұлғайту белгіленсін.
2 2. Біржолғы талон құны бір күнгі сауда мен қызмет көрсетуге төмендегідей белгіленсін:
газеттер мен журналдар, тұкым, сондай-ақ, отырғызылатын материал (екпелер, көшет) бақша дақылдарын, саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде өсірілген табиғи гүлдерді, косалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшашылық және саяжай учаскелерінің өнімдерін, жануарлар мен құстардың жемдерін, сыпыртқылар, сыпырғылар, орман жидегін, бал, саңырауқұлақ және балық сатуды (станционарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда) - 6 % айлық есептік көрсеткіш;
жер учаскелерін өңдеу жөніндегі жеке трактор иелерінің көрсететін қызметі - 20 % айлық есептік көрсеткіш.
3 3. Айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың мөлшері белгіленсін:
1 1) бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы – 1 айлық есептік көрсеткіш;
2 2) біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы – 1 айлық есептік көрсеткіш;
3 3) ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер – 1 айлық есептік көрсеткіш;
4 4) ойын жолы – 5 айлық есептік көрсеткіш;
5 5) карт – 2 айлық есептік көрсеткіш;
6 6) бильярд үстелі – 3 айлық есептік көрсеткіш.
4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛГЕН
Меңдіқара ауданы бойынша салық
басқармасының бастығы
_______________ Г. Нұрахметова