Құжат мәтініне өту

Жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қаулы · № 468 · қабылданған 29.05.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.04.2014 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-46404/?version=AI46404_1.kaz
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 468 ·29.05.2009
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы

ҚАЗЖұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 468 · қабылданған 29.05.2009

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы
Атауы (қаз.)
Жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
468
Қабылданған күні
29.05.2009
Көрсетілген редакция
15.04.2014 · қолданыстағы AI46404_1.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
15.04.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09DB000085
ЭКБ идентификаторы
46404
Редакция идентификаторы
AI46404_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:00

0 Жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабындағы, 1 тармақтың 14 тармақшасына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы әлеуметтік көмекті (бұдан әрі- бір жолғы әлеуметтік көмек) азаматтың қайтыс болған кезіндегі есептік көрсеткіштің 10 - еселеген мөлшерінде берілуі қамтамасыз етілсін.

2

2. Егер қайтыс болған адам, сол уақытта кез-келген меншіктегі кәсіпорындарда еңбектік қатынастарда тұрған болған болса, ал жұмыссыздар жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі бөлімдерде ресми түрде тіркеуде тұрған жағдайда, отбасының табысына қарамастан бір жолғы әлеуметтік көмек тиісті жағдайлар болған кезден бастап, 3 ай мерзім ішінде отбасы мүшелерінің немесе жерлеуді ұйымдастыруды өзіне алған адамның өтініші бойынша берілуі белгіленсін.

3

3. «Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі отбасы мүшелерінің немесе жерлеуді ұйымдастыруды өзіне алған адамның әлеуметтік көмекті төлейтін мекемелердегі ашылған есеп шотының нөмірі көрсетілген (екінші деңгейдегі банк филиалы және осы операциялардың түрлерін жүзеге асыратын рұқсаты бар басқада мекемелер) өтініші бойынша және келесі құжаттарды ұсынған жағдайда бір жолғы әлеуметтік көмектің тағайындалуын және төленуін қамтамасыз етсін:

1 1) өтініш иесінің жеке басының куәлігі, соның ішінде оралмандарға берілген ыхтияр хат немесе оралмандар куәлігі, СТН (салық төлеушінің нөмірі), (көшірме);

2 2) аумақтық әділет органдарымен берілген өлім туралы анықтама (түпнұсқа);

3 3) еңбек қатынастарын растайтын құжат (еңбек кітапшасы, жұмыс істейтін анықтама, келісім - шарт), (көшірме);

4 4) жұмыс статусын ресми түрде растайтын анықтама.

4 4. «Қапшағай қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қалалық бюджетте көзделеген қаржыландыру жоспарының міндеттемесіне және төлемнің қаржы шегіне сәйкес жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы әлеуметтік көмекті қаржыландыру мәселелерін қамтамасыз етсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары І.С. Сүгіровке жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.