Құжат мәтініне өту

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін айқындау туралы

Қаулы · № 225 · қабылданған 08.05.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-46442/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін айқындау туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 225 ·08.05.2009
13.01.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.01.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін айқындау туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 225 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін айқындау туралы
Атауы (қаз.)
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
225
Қабылданған күні
08.05.2009
Қолданысқа енгізілген күні
05.07.2009
Көрсетілген редакция
13.01.2012 · қолданыстағы AI46442_2.kaz
Соңғы өзгеріс
13.01.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09GH000082
ЭКБ идентификаторы
46442
Редакция идентификаторы
AI46442_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:06

0 Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін айқындау туралы

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 18-1-бабының 4 тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушiлердi iрiктеу тәртiбi қосымшаға сәйкес айқындалсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Райжанұлы Іңкәрбековке жүктелсін.

3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді iрiктеу тәртiбi

Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 08 мамырдағы № 225
қаулысына қосымша
Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді iрiктеу тәртiбi
Осы әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушiлердi iрiктеу тәртiбi «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 18-1-бабының 4 тармағына сәйкес әзірленген және әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушiлердi iрiктеу тәртiбiн айқындайды.

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Аталған тәртіптегі пайдаланатын негізгі ұғымдар:

1 1) әлеуметтiк жұмыс орны - жұмыс беруші нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн жергiлiктi атқарушы органмен шарттық негізде құратын, жұмыс берушiнiң олардың еңбегiне ақы төлеу шығындары iшiнара өтелетiн жұмыс орны;

2 2) жұмыс беруші - қызметкер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;

3 3) нысаналы топтар - жұмысқа орналасуда қиындық көрiп жүрген және әлеуметтiк қорғауды қажет ететiн адамдар ретiнде "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленген адамдар топтары;

4 4) Уәкілетті орган – "Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

2 2. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді iрiктеу тәртiбi

2 2. алынып тасталды - Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2010.01.10 № 2 (Қолданысқа енгізілу тәртібін 3. тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

3 3. алынып тасталды - Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2010.01.10 № 2 (Қолданысқа енгізілу тәртібін 3. тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

4 4. алынып тасталды - Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2010.01.10 № 2 (Қолданысқа енгізілу тәртібін 3. тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

5 5. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға тілек білдірген жұмыс беруші уәкілетті органға құрылатын әлеуметтік жұмыс орындарының саны, еңбек ақы мөлшері көрсетілген еркін нысанды ұсыныс береді және төмендегі талаптарға сай болуы керек:

1 1) жұмыс берушілердің салық және бюджетке басқа төлемдер бойынша қарыздары жоқ және төлемдік қабілеттілігі;

2 2) нысаналы топтар үшін әдейі арналған уақытша жұмыс орындары немесе оларды құруға мүмкіндігі бар болуы;

3 3) әлеуметтік жұмыс орындарды ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындарды пайдаланбау.

6 6. алынып тасталды - Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2010.01.10 № 2 (Қолданысқа енгізілу тәртібін 3. тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

7 7. Жасалған шарттың негізінде жұмыс беруші нысаналы топтар үшін әлеуметтік жұмыс орындарды құрады.

Қолданыстағы