Құжат мәтініне өту

Вопросы Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан

Қаулы · № 913 · қабылданған 16.06.2009
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-46475/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Вопросы Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 913 ·16.06.2009
28.12.2016 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Вопросы Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 913 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Вопросы Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
913
Қабылданған күні
16.06.2009
Көрсетілген редакция
28.12.2016 AI46475_10.kaz
Соңғы өзгеріс
28.12.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P090000913_
ЭКБ идентификаторы
46475
Редакция идентификаторы
AI46475_10
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:55

0 Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері

Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің өңіраралық көліктік бақылау инспекциялары - мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылсын.

2 2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

4 Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің өңіраралық көліктік бақылау инспекциялары - мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары — мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның
Пре­мьер-Ми­ни­стрі
К. Мә­сі­мов
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Үкі­ме­ті­нің
2009 жы­л­ғы 16 мау­сым­да­ғы
N 913 қа­улы­сы­на
қо­сым­ша
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің өңіраралық көліктік бақылау инспекциялары - мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары — мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

1 1. Ақтөбе облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы және Батыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы бірігу жолымен Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша Ақтөбе қаласындағы "Батыс" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы болып.

2 2. Шығыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы және Павлодар облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы бірігу жолымен Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша Павлодар қаласындағы "Ертіс" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы болып.

3 3. Алматы облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы және Алматы қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы бірігу жолымен Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша Талдықорған қаласындағы "Жетісу" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы болып.

4 4. Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы және Маңғыстау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы бірігу жолымен Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша Атырау қаласындағы "Каспий" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы болып.

5

5. Жамбыл облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы, Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы және Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы бірігу жолымен Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы "Оңтүстік" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы болып.

6 6. Қарағанды облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы және Астана қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы бірігу жолымен Қарағанды облысы және Астана қаласы бойынша Қарағанды қаласындағы "Сарыарқа" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы болып.

7 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

7. Ақмола облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы, Қостанай облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы және Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы бірігу жолымен Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы "Солтүстік" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы болып.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Үкі­ме­ті­нің
2009 жы­л­ғы 16 мау­сым­да­ғы
N 913 қа­улы­сы­мен
бе­кі­ті­л­ген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

1 1. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 28.12.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) № 887 қаулысымен.

2 2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 622 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3 3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.10.20 № 1192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

4 4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.

5 5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.11.2015 № 941 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қолданыстағы