Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил определения размеров гарантированного трансферта из Национального фонда Республики Казахстан на трехлетний период

Қаулы · № 914 · қабылданған 16.06.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-46476/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении Правил определения размеров гарантированного трансферта из Национального фонда Республики Казахстан на трехлетний период Күшін жойған Қаулы ·№ 914 ·16.06.2009
05.11.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.11.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил определения размеров гарантированного трансферта из Национального фонда Республики Казахстан на трехлетний период

Күшін жойған Қаулы ·№ 914 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил определения размеров гарантированного трансферта из Национального фонда Республики Казахстан на трехлетний период
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдік берілген трансферттің үш жылдық кезеңге арналған мөлшерін айқындау ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
914
Қабылданған күні
16.06.2009
Көрсетілген редакция
05.11.2010 AI46476_2.kaz
Соңғы өзгеріс
05.11.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P090000914_
ЭКБ идентификаторы
46476
Редакция идентификаторы
AI46476_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:56

0 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдік берілген трансферттің үш жылдық кезеңге арналған мөлшерін айқындау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 24-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдік берілген трансферттің үш жылдық кезеңге арналған мөлшерін айқындау ережесі бекітілсін.

2 2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдік берілген трансферттің үш жылдық кезеңге арналған мөлшерін айқындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 813 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

0 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдік берілген трансферттің үш жылдық кезеңге арналған мөлшерін айқындау ережесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 16 маусымдағы
N 914 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдік берілген трансферттің үш жылдық кезеңге арналған мөлшерін айқындау ережесі

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдік берілген трансферттің үш жылдық кезеңге арналған мөлшерін айқындау ережесі (бұдан әрі — Ереже) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан (бұдан әрі - Ұлттық қор) республикалық бюджетке берілетін кепілдік берілген трансферттің үш жылдық кезеңге арналған мөлшерін белгілеу тәртібін айқындайды.

2

2. Осы Ереженің қосымшасына сәйкес Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін, қайтарымсыз түсім болып табылатын Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін кепілдік берілген трансферт белгілі бір кезеңге бюджеттік даму бағдарламаларына арналған шығындардың орташа көлеміне негізделе отырып қалыптастырылған республикалық бюджетке трансферттің кепілдік берілген ең төменгі деңгейін қамтамасыз ететін "А" константадан, сондай-ақ үш жылдық кезеңге арналған "b" коэффициентін айқындайтын жылдың алдындағы бес жылдық кезеңде Ұлттық қордың активтерін басқарудан түсетін инвестициялық кірістің орташа деңгейіне сәйкес келетін коэффициент туындысынан, Ұлттық қор активтерінің сомасынан және Ұлттық қордың базалық (функционалдық) валютасына қатысты теңге бағамынан тұрады.

3 3. Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін кепілдік берілген трансферт мұнайға қатысты емес сектор ұйымдарынан түсетін түсімдер мен республикалық бюджет шығыстары арасындағы айырмаға сәйкес келетін бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығының мөлшері ескеріле отырып айқындалады.

2 2. Ұлттық қордан берілетін кепілдік берілген трансферттің мөлшерін айқындау тәртібі

4 4. Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында кепілдік берілген трансфертті қалыптастыру мемлекеттік бюджеттің жиынтық шығыстарының өсу қарқынын елдің жалпы ішкі өнімінің номиналды өсу қарқынынан аспайтын деңгейде қамтамасыз етуге бағдарланады.

5 5. Кепілдік берілген трансферттің мөлшері республикалық бюджетті әзірлейтін жылдың алдындағы қаржы жылының соңындағы жағдай бойынша Ұлттық қор активтерінің үштен бір бөлігінен аспауға тиіс.

6 6. Кепілдік берілген трансферт есептерін жүзеге асырудың бірінші жылында Ұлттық қордың активтері бойынша деректер үш жылдық кезеңге арналған кепілдік берілген трансфертті айқындайтын жылдың алдындағы қаржы жылының соңындағы жағдай бойынша нақты, ал келесі жылдары болжамды болып табылады.

1 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдік берілген трансферттің үш жылдық кезеңге арналған мөлшерін айқындау формулалары

Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорынан берілетін
кепілдік берілген трансферттің
үш жылдық кезеңге арналған
мөлшерін айқындау ережесіне
қосымша
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдік берілген трансферттің үш жылдық кезеңге арналған мөлшерін айқындау формулалары
Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін кепілдік берілетін трансферттің мөлшері мынадай формулаға сәйкес есептеледі:
Gо = А + b х NFRKt-l х е, мұнда
Gо — Ұлттық қордан берілетін кепілдік берілген трансферт;
А — константа;
b - үш жылдық кезеңге арналған "b" коэффициентін айқындайтын жылдың алдындағы бес жылдық кезең ішінде Ұлттық қордың активтерін басқарудан түсетін инвестициялық кірістің орташа деңгейіне сәйкес келетін коэффициент;
NFRKt-l — республикалық бюджетті әзірлейтін жылдың алдындағы қаржы жылының соңындағы Ұлттық қордың активтері (Ұлттық қордың базалық (функционалдық) валютасымен);
е — Ұлттық қордың базалық (функционалдық) валютасына қатысты теңге бағамы.
Кепілдік берілген трансферт есептерін жүзеге асырудың бірінші жылында NFRKt-1 және е көрсеткіштері үш жылдық кезеңге арналған кепілдік берілген трансфертті айқындайтын жылдың алдындағы қаржы жылының соңындағы жағдай бойынша нақты, ал келесі жылдары болжамды болып табылады.
Бұл ретте:
А + b х NFRKt - 1 х е = (DB - (D) + (Gno - СВЕ))), мұнда
DВ - даму бюджеті;
D - таза үкіметтік қарыз алу (тартылатын және өтелетін қарыздардың арасындағы айырма);
Gnо — мұнайға қатысты емес сектор ұйымдарының кірістері;
СВЕ - ағымдағы бюджеттік шығыстар.
Бұл ретте мұнайға қатысты емес кірістер мен ағымдағы бюджеттік шығыстар арасындағы айырмашылық таза үкіметтік қарыз алудан асып кетпеуге тиіс:
D > (Gno - СВЕ),
өйткені, мұндай асып кету "А" константасының бір бөлігін ағымдағы бюджеттік шығыстарды қаржыландыруға даму бюджетіне зиян келтіре отырып алып қоюды талап етеді.

Қолданыстағы