Об утверждении требований к применению упаковок для перевозки химической продукции на различных видах транспорта
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении требований к применению упаковок для перевозки химической продукции на различных видах транспорта
- Атауы (қаз.)
- Химиялық өнімдерді түрлі көлік түрлерінде тасымалдау үшін орауларды қолдануға қойылатын талаптарды бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 171
- Қабылданған күні
- 05.05.2009
- Көрсетілген редакция
- 05.11.2021 46478_550575.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.11.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V090005697_
- ЭКБ идентификаторы
- 46478
- Редакция идентификаторы
- 46478_550575
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:08
0 Химиялық өнімдерді түрлі көлік түрлерінде тасымалдау үшін орауларды қолдануға қойылатын талаптарды бекіту туралы
"Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1 1. Қоса беріліп отырған Химиялық өнімдерді түрлі көлік түрлерінде тасымалдау үшін орауларды қолдануға қойылатын талаптар бекітілсін.
2 2. Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін және мемлекеттік тіркеуден кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
4 Химиялық өнімдерді түрлі көлік түрлерінде тасымалдау үшін орауларды қолдануға қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2009 жылғы 5 мамырдағы N 171,
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 20 наурыздағы N 144,
Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда министрінің
2008 жылғы 15 желтоқсандағы N 474,
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2009 жылғы 27 наурыздағы N 38-ө,
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2009 жылғы 2 наурыздағы N 121,
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2009 жылғы 18 наурыз N 132,
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2009 жылғы 19 наурыздағы N 93-ө,
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2009 жылғы 3 наурыздағы N 42,
Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық
ресурстар министрі нің
2009 жылғы 21 сәуірдегі N 108
бірлескен бұйрығымен бекітілген
Химиялық өнімдерді түрлі көлік түрлерінде тасымалдау үшін орауларды қолдануға қойылатын талаптар
1 1. Осы Химиялық өнімдерді түрлі көлік құралдарында тасымалдау үшін орауларды қолдануға қойылатын талаптар "Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді.
2 2. Химиялық өнім, тасымалдау кезінде пайда болатын діріл, соққылар және жүктемелерге төзімді, оның ішінде көлік бірліктері және/немесе қоймалар арасына жылжыту кезінде, сондай-ақ түбінен жылжыту немесе қаптамадан алу кезінде тасымалдауға арналған орамаларға салынады.
Орау (ыдыс) діріл, температураның, ылғалдың немесе қысымның өзгеруі кезінде зат төгілмейтіндей етіп құрастырылып жабылуға тиіс.
Орауды (ыдысты) осы өнімге арналған стандарттау және (немесе) басқа да нормативтік құжаттар жөніндегі нормативтік құжаттаманың белгіленген нормаларына сәйкес толтыруға тиіс.
3 3. Орауды (ыдысты) жасаған материалдар және жабушы құрылғы ораудағы (ыдыстағы) өнімнің құрамына әсер етпеуге, сондай-ақ сыртқы факторлар әсерінен өзгермеуге немесе жаңа қауіпті қасиеттер пайда болуынан өздігінен өзгермеуге тиіс.
4 4. Қасиеті мен құрамына қарай химиялық өнім ішкі және сыртқы орау жинақтарына оралады.
Ішкі орау жинақтары сыртқы орау жинағына оралуы, салынуы немесе онда тасымалдау кезінде ораудың жыртылуы, тесілуі немесе оның ішіндегісінің сыртқы орау жинағына ағуын болдырмайтын үлгіде төсемдермен жабдықталуы керек.
5
5. Химиялық өнімдер бір-бірімен қауіпті реакция туғызу және жануды туғызу және/немесе жылудың болымсыз мөлшерін бөлуі, жеңіл тұтанатын, уытты немесе тұншықтыру газдарын бөлуі, басқа да химиялық белсенді және қауіпті, оның ішінде жемірілу заттарының пайда болуы мүмкін жағдайда, олардың екі және одан көп түрлерін бір және сол сыртқы орауға (ыдысқа) салуға рұқсат етілмейді.
6 6. Химиялық өнімді орау (ыдыс) химиялық өнімнің тұтыну қасиеттерін сақтауды және оның адамға, қоршаған ортаға және мүлікке қауіпті қасиеттері әсерінен қорғауды қамтамасыз ету қажет.
7 7. Сұйық химиялық өнімдерді тасымалдау кезінде пайда болатын ішкі қысымға төзімді ішкі орауда (ыдыста) құйылады.
Химиялық өнімдерді орау (ыдыс) орау ішінде қысымды көтеруге қабілетті оның құрамындағы газдар мен булардың (температураның артуы, заттардың бөлінуі нәтижесінде немесе басқа себептер бойынша) бөлінуі есебінен қысымын арттыруға қабілетті химиялық өнімнің орауы (ыдысы) желдету осы өнімге арналған стандарттау және (немесе) басқа да нормативтік құжаттар жөніндегі нормативтік құжаттарда белгіленген нормаларға сәйке с саңылауымен жабдықталуға тиіс.