Об утверждении Правил содержания животных в населенных пунктах Щучинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил содержания животных в населенных пунктах Щучинского района
- Атауы (қаз.)
- Щучье ауданының елді мекендерінде жануарларды ұстау ережелерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- С-13/15
- Қабылданған күні
- 24.04.2009
- Көрсетілген редакция
- 14.11.2011 46491_202427.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.11.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09BS000157
- ЭКБ идентификаторы
- 46491
- Редакция идентификаторы
- 46491_202427
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:16
0 Щучье ауданының елді мекендерінде жануарларды ұстау ережелерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10 бабының 2 тармағына, 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 310 бабына сәйкес, Щучье аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Щучье ауданының елді мекендерінде жануарларды ұстаудың ұсынылған Ережелері бекітілсін.
2 2. Осы ережелердің орындалуына бақылау жасау «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 557, 559 бабында белгіленген лауазымды тұлғаларға жүктелсін.
3 3. Осы шешім Щучье ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Щучье ауданының
әкімі В.Н.Балахонцев
«Щучье ауданының ауыл
шаруашылығы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы М.В.Кухарь
«Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Агроөнеркәсіп кешенінде
мемлекеттік инспекция
комитетінің Щучье
аудандық аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы К.Т.Машимов
«Щучье ауданы бойынша
мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің бастығы С.И.Жолдаспаев
4 Щучье
аудандық мәслихатының
2009 жылғы 24 сәуірдегі
№ С-13/15 шешімімен
бекітілді
Щучье ауданының елді мекендерінде жануарларды ұстау ЕРЕЖЕЛЕРІ
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Щучье ауданының елді мекендерінде жануарларды ұстау Ережелері (бұдан әрі – Ережелер) 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес тұрғындарды адамдар мен жануарлар үшін ортақ аурулардан қорғау, сондай-ақ олардың бірге тұруына қолайлы жағдайды қамтамасыз ету және Щучье ауданының елді мекендерінде жануарларды ұстау тәртібін белгілейді.
2 2. Осы ережелер Щучье ауданының елді мекендерінде жануарлар ұстайтын, бұдан әрі - «иелер» деп аталатын барлық заңды және жеке тұлғаларға қатысты.
2 2. Жануарларды тіркеу тәртібі
3
3. «Щучье ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Щучинск қаласы, Бурабай кенті және селолық (ауылдық) округтер әкімдерінің аппараттары жануарларды тіркеу мен есепке алу, сондай-ақ Щучье ауданы бойынша сәйкестендірілген жануарлар деректері базасын құру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.
4 4. Жануарларды тіркеу оларды есепке алуды мақсатында сәйкестентіру жолымен және жануарлар ауруының алдын алу жөніндегі ветеринарлық өңдеуді жүзеге асыру барысын бақылау мақсатында жүзеге асырылады.
5 5. Тұрғындарға, меншік түріне қарамастан заңды тұлғаларға тиесілі жануарлардың барлық түрлері екі айлық жасынан деректер базасына енгізу үшін уәкілетті мемлекеттік органда екі аптаның ішінде есепке алуға және тіркелуге тиісті.
6 6. Жануарларды тіркеу және қайта тіркеу кезінде иелері келесі мәліметтерді тапсырады:
- иесінің жеке басын растайтын құжат;
- салық төлеушінің тіркеу нөмірі, тұрғылықты мекен-жайы, телефоны;
- жануар туралы мәлімет (тұқымы, жынысы, аты, жасы, туған жылы, түсі, ерекше белгілері немесе жануардың сипаттамасы);
7 7. Жануарларды тіркеу және сәйкестендіру рәсімі жануарлардың иелерінің есебінен жүзеге асады.
3 3. Жануарларды ұстау
8 8. Жануар иесі:
1 1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жануарды сатып алады және өз иелігінен айырады;
2 2) жануарларды ұстау, өсіру тәртібі туралы қажетті ақпаратты ветеринарлық ұйымдардан алады.
9 9. Жануарлар иелерінің қажеттіліктері:
1 1) жануарлардың ауруларын ескертуді қамтамасыз ететін ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ветеринарлық (ветеринарлық-санитарлық) ережелерді сақтай отырып ветеринарлық және әкімшілік-шаруашылықтық шараларды іске асыру;
2 2) жануарды аурудан уақытылы емдеу және оның алдын алуды іске асыру. Жануар ауырған немесе ол ауруға шалдықты деген күдік туған жағдайларда шұғыл түрде ветеринарлық мекемеге жүгінуге, тексеру нәтижесі бойынша маманның ұсынымдарын бұлжытпай сақтау;
3 3) жануарларды ветеринарлық (ветеринарлық-санитарлық) ережелер мен нормативтерге сәйкес ұстауға, өсіру және пайдалану;
4 4) жануардың азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне және заңды тұлғалардың мүлкіне зиян келтіруінің алдын алу;
5
5) жануар адамға жарақат келтірген жағдайда зардап шеккен адамды алғашқы медициналық көмек көрсету үшін емханаға жеткізу, құтыру ауруын анықтау үшін 10 күн бойы жануардың ветеринариялық мамандардың бақылауында болуы мен оның сақталуын қамтамасыз етуге, барлық жағдайда медициналық және ветеринариялық қызметтерге тез арада хабарлау;
6
6) жануарлардың кенеттен өлгені мен бірнеше жануардың бір уақытта ауырғаны немесе олар әдеттен тыс мінез көрсеткені туралы ветеринариялық мамандарға хабарлауға. Ветеринариялық мамандар келгенше ауруға ұшыраған сезікті жануарларды оқшаулап ұстауға шара қолдану және ауырып өлгендігіне күдікті жануардың өлімтігін сақтау;