Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О совершенствовании архитектурно-градостроительного контроля

Өзге акт · № 154 · қабылданған 23.12.1998
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-4650/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О совершенствовании архитектурно-градостроительного контроля Күшін жойған 23.12.1998 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О совершенствовании архитектурно-градостроительного контроля

Күшін жойған Өзге акт № 154 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О совершенствовании архитектурно-градостроительного контроля
Атауы (қаз.)
Сәулет-қала құрылысына бақылау жасауды жетілдіру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
154
Қабылданған күні
23.12.1998
Көрсетілген редакция
23.12.1998 4650_274218.kaz
Соңғы өзгеріс
23.12.1998
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V98N000122_
ЭКБ идентификаторы
4650
Редакция идентификаторы
4650_274218
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:24
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Сәулет-қала құрылысына бақылау жасауды жетілдіру туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды-Қостанай облысы әкімінің 15.03.2001 № 58 шешімімен.
Сәулет-қала құрылысы саласындағы бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асырушы ұйымдардың қызметін ретке келтіру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 23 карашадағы № 1157 Қаулысын орындауда ШЕШТIМ:

1. Қалалар және аудандар әкімдері:

- бюджеттен ұсталатын және "Қостанай облыстық мемлекеттік сәулет- құрылыс инспекциясы (облмемсәуқұринспекциясы) еншілес мемлекеттік кәсіпорнының функцияларын қайталайтын мемсәуқұрқадағалаудың (ММСҚ) жергілікті органдарын таратсын;
- Қостанай облысының аумағыңда құрылысты, обьектілерді қайта қалпына келтіруге және күрделі жөндеуге сәулет-құрылыс бақылау жасау жөніндегі функцияларды олардың мақсатына, меншік нысанына және қаржы көздеріне қарамастан Қазақстан Республикасының Тұрғын үй және құрылыс саясаты жөніндегі комитеті - Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясының еншілес кәсіпорнының шаруашылык жүргізу кұкында негізделген Қостанай облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы (облмемсәуқұринспекция) жүзеге асыратыны еске алынсын.

2. Облыстық инфрақұрылым және құрылыс департаменті (В.Ф. Кочин), еншілес мемлекеттік кәсіпорындар: Қостанай мемлекеттік сәулет-қала құрылысы кәсіпорны (В.Д. Ребиков), мемлекеттік құрылысты лицензиялаудың облыстық орталығы (М.К. Молдабаев), жобалардың Қостанай мемлекеттік сарабы ( А.М. Макаренко) сәулет-қала құрылысы қызметінің саласында заңдылықтың сақталуына, облыстың қалаларында және аудандарында атқарылатын жұмыстардың сапасына бақылау жасауда кешенді тексерулер жүргізуді практикаға енгізсін.

3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Қостанай облысының инфрақұрылым және құрылыс департаментіне (В.Ф. Кочин) жүктелсін.