Об организации социальных рабочих мест в рамках реализации Дорожной карты
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации социальных рабочих мест в рамках реализации Дорожной карты
- Атауы (қаз.)
- Жол картасын жүзеге асыру аясында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1358
- Қабылданған күні
- 21.05.2009
- Көрсетілген редакция
- 19.04.2010 AI46511_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.04.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09VA000114
- ЭКБ идентификаторы
- 46511
- Редакция идентификаторы
- AI46511_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:02
0 Жол картасын жүзеге асыру аясында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 18-1 бабына, 7 бабының 5-4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 қаулысымен бекітілген Мемлекет Басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» (Жол картасы) Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру бойынша 2009 жылға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің іс-әрекет Жоспарын жүзеге асыру мақсатында, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Жол картасын жүзеге асыру аясында халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын (бұдан әрі – әлеуметтік жұмыс орындары), алты айға дейінгі мерзімге меншік түрінен тәуелсіз ұйымдарда (бұдан әрі – жұмыс беруші) ұйымдастырылсын.
2
2. Әлеуметтік жұмыс орынын құру «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – Бөлім) шарт негізінде жұмыс берушімен жүзеге асырылады. Шартта тараптардың міндеттері, жұмыстардың көлемдері, түрлері, еңбекақы төлемінің мөлшері мен шарттарын, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері мен мерзімі болуы қажет.