Құжат мәтініне өту

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі туралы

Қаулы · № 216 · қабылданған 21.05.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-46526/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 216 ·21.05.2009
26.02.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.02.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 216 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі туралы
Атауы (қаз.)
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
216
Қабылданған күні
21.05.2009
Қолданысқа енгізілген күні
04.08.2009
Көрсетілген редакция
26.02.2019 · қолданыстағы 46526_392416.kaz
Соңғы өзгеріс
26.02.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09GJ000081
ЭКБ идентификаторы
46526
Редакция идентификаторы
46526_392416
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:02

0 Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі туралы

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001
жылдың 23 қаңтардағы Заңының 7, 18-1 баптарына және нысаналы топтарға
жататын жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру мақсатында, аудан әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылсын.

2 2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан Әкімінің орынбасары Ғ. Қартабаевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі

Талас ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 21 мамырдағы
№ 216 қаулысына қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі
Осы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 18-1 бабының 4 тармағына сәйкес әзірленген және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін айқындайды.

1 1. Жалпы бөлім

1 1. Аталған тәртіптегі пайдаланатын негізгі ұғымдар:

1 1) әлеуметтік жұмыс орны - жұмыс беруші нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жергілікті атқарушы органмен шарттық негізде құратын, жұмыс берушінің олардың еңбегіне ақы төлеу шығындары ішінара өтелетін жұмыс орны;

2 2) нысаналы топтар-жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар ретінде «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңымен белгіленген адамдар тобы;

3 3) Уәкілетті орган - «Талас ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

2 2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі

2 2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу арнаулы құралған комиссиямен жүргізіледі.

3 3. Комиссия құрамына жергілікті атқарушы органның және басқа да мекеме ұйымдардың өкілдері кіреді.

4 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілерді іріктеу жөніндегі комиссиясының шешімі ауданның атқарушы органымен бекітіледі.

5 5. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілер төмендегі талаптарға сай болуы керек:

1 1) жұмыс берушілердің салық және бюджетке басқа төлемдер бойынша қарыздары жоқ және төлемдік қабілеттілігі;

2 2) нысаналы топтар үшін әдейі арналған уақытша жұмыс орындарының немесе оларды құруға мүмкіндігінің бар болуы;

3 3) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындарды пайдаланбау.

6 6. Комиссияның шешімі негізінде уәкілетті орган жұмыс берушілермен жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру бойынша қызмет көрсетуге шарттар жасайды.

7 7. Жасалған шарттың негізінде жұмыс беруші нысаналы топтар үшін әлеуметтік жұмыс орындарды құрады.

Қолданыстағы