Құжат мәтініне өту

Ақтоғай ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы

Қаулы · № 07/12 · қабылданған 28.05.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-46528/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Ақтоғай ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 07/12 ·28.05.2009
13.02.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.02.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Ақтоғай ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 07/12 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Ақтоғай ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы
Атауы (қаз.)
Ақтоғай ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
07/12
Қабылданған күні
28.05.2009
Көрсетілген редакция
13.02.2012 · қолданыстағы AI46528_1.kaz
Соңғы өзгеріс
13.02.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09KJ000085
ЭКБ идентификаторы
46528
Редакция идентификаторы
AI46528_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:00

0 Ақтоғай ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 қаулысымен бекітілген "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарына сәйкес Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың тізбесі жұмыссыз азаматтардың мынадай санаттарымен толықтырылсын:

1 1) толық 29 жасқа дейінгі жастар;

2 2) 50 жастан асқан әйелдер;

3 3) 55 жастан асқан ерлер;

4 4) 5 жасқа дейінгі балалары бар әйелдер.

2 2. Нысаналы топтардың жұмыссыз азаматтарын уақытша жұмыспен қамту үшін әлеуметтік жұмыс орындары және жасы 24 (24 жастағыларды қоса есептеп) дейінгі жоғары оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлерді бітірген түлектер үшін жастар тәжірибесі ұйымдастырылсын.

3 3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген нысаналы топтар жұмыссыздарының айлық жалақысы 30000 теңге мөлшерінде белгіленсін, оның ішінде 15000 теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат есебінен және 15000 теңгесі жұмыс берушінің қаражаты есебінен төленсін.

4 4. Жастар тәжірибесіне қабылданған тұлғалардың айлық жалақысы жергілікті бюжеттен бөлінген қаражат есебінен 15000 теңге мөлшерінде белгіленсін.

5 5. Жастар тәжірибесіне жіберу және әлеуметтік жұмыс орнын ұсыну тек қана жұмыссыздың келісімімен 6 ай мерзімге жүргізілcін.

6 6. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қамтамасыз етсін:

1 1) жастар тәжірибесіне және әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істеуге тілек білдірген нысаналы топтардың жұмыссыз азаматтары мен оқу орындардың түлектерін қабылдау мен жіберуді жүргізсін;

2 2) нысаналы топтар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар тәжірибесін ұсынатын жұмыс берушілермен шарттар жасасын;

3 3) жастар тәжірибесінен өтетін азаматтардың жеке шоттарына жалақыны ай сайын аударсын;

4 4) әлеуметтік жұмыс орындарда жұмыс істейтін нысаналы әлеуметтік топтардың азаматтары үшін жұмыс берушілердің жеке шоттарына жалақының 50 пайызын ай сайын аударсын.

7 7. Осы каулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Әбеуоваға жүктелсін.

8 8. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы