Об утверждении Типового трехстороннего договора о взаимных обязательствах между местными исполнительными органами, обучаемым и работодателем по переобучению с целью замещения иностранных специалистов Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.05.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жергілікті атқарушы органдардың, оқитын адам мен жұмыс берушінің арасындағы шетелдік мамандарды алмастыру мақсатында қайта оқыту жөніндегі өзара міндеттемелері туралы үш жақты үлгі шартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы N 274 қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын (Жол картасын) орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының 50-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. Жергілікті атқарушы органдардың, оқитын адам мен жұмыс берушінің арасындағы шетелдік мамандарды алмастыру мақсатында қайта оқыту жөніндегі өзара міндеттемелері туралы үш жақты үлгі шарты бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі:
Тармақша 1
1) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық оны ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. Жергілікті атқарушы органдардың, оқитын адам мен жұмыс берушінің арасындағы шетелдік мамандарды алмастыру мақсатында қайта оқыту жөніндегі өзара міндеттемелері туралы ҮШ ЖАҚТЫ ҮЛГІ ШАРТ
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 6 мамырдағы N 159-ө Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 8 мамырдағы N 208 Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2009 жылғы 13 мамырдағы N 135 Бірлескен бұйрығымен бекітілген Жергілікті атқарушы органдардың, оқитын адам мен жұмыс берушінің арасындағы шетелдік мамандарды алмастыру мақсатында қайта оқыту жөніндегі өзара міндеттемелері туралы ҮШ ЖАҚТЫ ҮЛГІ ШАРТ _________ қ.                                   "___" _________200_ ж.       Бәрі бірге Тараптар деп аталатын, бұдан әрі Әкімдік деп аталатын, ________________________________________________ негізінде қызмет ететін _______________________________ атынан ________________                 (жергілікті атқарушы орган) ___________________________________________, бұдан әрі Жұмыс беруші             (лауазымы, Т.А.Ә.) деп аталатын, _________________________________________ негізінде қызмет ететін _______________________________________________ атынан                           (заңды тұлғаның атауы) _________________________________________________________ және бұдан                   (лауазымы, Т.А.Ә.) әрі Оқушы деп аталатын, жеке куәлігінің N ___________________ "___" ____________________ берілген _______________________________________                                           (оқушының Т.А.Ә.) төмендегілер туралы келісті.
Тарау 1. 1. Шарттың мәні
1. Шарттың мәні
Тармақ 1.1
1.1. Осы Шарт Қазақстан азаматтарын, шетелдік мамандарды алмастыру мақсатымен, Қазақстан Республикасының ішкі еңбек нарығында сұраныс бар мамандықтар мен кәсіптер (біліктіліктер) бойынша (бұдан әрі – сұраныс бар мамандықтар мен кәсіптер (біліктіліктер) қайта оқытуды ұйымдастырудың тәртібін айқындайды.
Тарау 2. 2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
Тармақ 2.1
2.1. Әкімдік:
Тармақ 2.1.1
2.1.1. Шетелдік мамандарды алмастыру мақсатымен, қазақстандық кадрларды тартылатын шетелдік жұмыс күшінің мамандықтар мен кәсіптер (біліктіліктер) бойынша қайта оқытудан өтуін ұйымдастыруға.
Тармақ 2.1.2
2.1.2. Қазақстандық кадрларды қайта оқыту және шетелдік жұмыс күшін алмастыру жөніндегі комиссияны құруға және оның жұмысын ұйымдастыруға, Комиссия қайта оқытылған қазақстандық кадрларды шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорынға бір ай мерзімге тағлымдамаға жібереді, сондай-ақ тартылған шетелдік мамандарды қазақстандық кадрлармен алмастыру туралы (тартылған шетелдік жұмыс күшін алмастыру үшін қайта оқытудан өткен адамдарды жұмысқа орналастыру туралы) шешім қабылдайды.
Тармақ 2.1.3
2.1.3. Әкімдіктің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының: - тартылатын шетелдік жұмыс күшінің мамандықтары мен кәсіптерін көрсете отырып, аудандар (облыс, қала) және салалар бойынша, шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындардың тізбесін; - қазақстандық азаматтармен ауыстыруға жататын, тартылған шетелдік мамандардың тізбесін, мамандықтары мен кәсіптер (біліктіліктер), аудандар (облыс, қала) және салалар бойынша; - тартылған шетелдік мамандарды ауыстыру мақсатымен қазақстандық кадрларды қайта оқытуды ұйымдастыру үшін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін айқындауын қамтамасыз етуге;
Тармақ 2.1.4
2.1.4. Әкімдіктің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, білім беру басқармалары арқылы: - Әкімдіктер мен шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындардың арасында кадрларды қайта оқыту жөніндегі келісімдерге қол қойылуын; - шетелдік мамандарды ауыстыру мақсатымен қазақстандық кадрларды жұмысшы мамандықтары бойынша қайта оқыту үшін курстар ұйымдастыруды; - тартылған шетелдік мамандарды ауыстыру мақсатымен қазақстандық кадрларды қайта оқытудың және қайта оқытудан өткендерді жұмысқа орналастырудың ай сайынғы мониторингін қамтамасыз етуге; - оқитын азаматтарды білім беру ұйымына қайта оқытуға жіберудің, қайта оқытудан өткендерді Жұмыс берушінің келісімі бойынша жұмысқа орналастырудың тәртібін әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етуге.
Тармақ 2.1.5
2.1.5. Оқитын адамның қайта оқыту ақысын республикалық бюджет есебінен төлеуге міндетті.
Тармақ 2.2
2.2. Әкімдіктің:
Тармақ 2.2.1
2.2.1. Қайта оқытудан өткізетін оқу орнын айқындауға.
Тармақ 2.2.2
2.2.2. Оқитын адамнан осы Шартқа сәйкес міндеттемелерін дұрыс және тиісінше орындауды, сондай-ақ, оқу тәртібін сақтауды талап етуге.
Тармақ 2.2.3
2.2.3. Жұмыс берушіден осы Шартта белгіленген міндеттемелердің орындалуын талап етуге.
Тармақ 2.2.4
2.2.4. Оқуын жалғастырудан дәлелді себепсіз бас тартқан, оқу тәртібін бұзғаны үшін оқу орнының әкімшілігі оны оқудан шығарған жағдайда қайталап оқытқаны үшін Оқушыдан шығындарды өтеуін талап етуге құқығы бар. Оқушының оқу орнындағы оқуын жалғастырудан бас тартуының дәлелді себептеріне, соған байланысты Оқушы ұзақ уақыт (екі аптадан астам) сабаққа бара алмайтындай денсаулығының жай-күй, Оқушының бір елді мекеннен екіншісіне қоныс аударуы және бой бермейтін күштің, яғни осы жағдайлар кезіндегі төтенше және тойтаруға болмайтын мән-жайлардың салдары (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдар және т.б.) жатады.
Тармақ 2.3
2.3. Оқушы:
Тармақ 2.3.1
2.3.1. Сабаққа бармаған жағдайда, болмаған және (немесе) қатыспаған себептері туралы шарт талаптарын, ішкі тәртіп ережесін сақтау мәселелері жөнінде жазбаша түсінік бере отырып, білім беру ұйымын хабардар етуге.
Тармақ 2.3.2
2.3.2. Білім беру ұйымы берген тиісті куәлікпен (сертификатпен, куәлікпен) расталған, қайта оқытуды аяқтағаннан кейін Жұмыс берушінің кәсіпорнында Жұмыс беруші алмастыруды мәлімдеген кәсіп пен мамандық бойынша еңбек қызметіне кірісуге.
Тармақ 2.3.3
2.3.3. Осы шарттың 2.2.4.тармақшасының екінші абзацында көзделген жағдайларды қоспағанда, қайта оқытуды дәлелді себепсіз мерзімінен бұрын тоқтатуына байланысты, қайта оқытуға жұмсалған соманы Әкімдікке өтеуге міндетті.
Тармақ 2.4
2.4. Оқушының:
Тармақ 2.4.1
2.4.1. Қайта оқытудың білім беру оқу бағдарламасына сәйкес сапалы білім алуға.
Тармақ 2.4.2
2.4.2. Білім беру ұйымының кітапханасы мен ақпараттық ресурстарын тегін пайдалануға құқығы бар.
Тармақ 2.5
2.5. Жұмыс берушінің міндеттері:
Тармақ 2.5.1
2.5.1. Қазақстандық кадрларды қайта оқытудың оқу жоспарларын (өндірістің немесе қызметтің түрімен айқындалатын арнаулы курстың мазмұнын) келісуге қатысу.
Тармақ 2.5.2
2.5.2. Оқушының жұмыс орнындағы (кәсіпорында) кәсіптік тәжірибесін ұйымдастыруға және өткізуге жәрдем көрсету.
Тармақ 2.5.3
2.5.3. Мамандықтар мен кәсіптер (біліктіліктер) бойынша тартылатын шетелдік жұмыс күшінің саны туралы Әкімдікке ақпаратты беру.
Тармақ 2.5.4
2.5.4. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жіберген, қайта оқытудан өткен адамдарды тартылатын шетелдік жұмыс күшін алмастыру үшін жұмысқа қабылдау.
Тармақ 2.6
2.6. Жұмыс берушінің құқықтары:
Тармақ 2.6.1
2.6.1. Тартылатын шетелдік жұмыс күшін алмастыру үшін мамандықтар мен кәсіптердің (біліктіліктердің) тізбесін айқындауға қатысу.
Тармақ 2.6.2
2.6.2. Оқитын азаматтарды қабылдаудың және білім беру ұйымына жіберудің, қайта оқытудан өткендерді Жұмыс берушінің кәсіпорнында жұмысқа орналастырудың тәртібін әзірлеуге және келісуден өткізуге қатысу.
Тармақ 2.6.3
2.6.3. Білім беру ұйымдарындағы біліктілік емтихандарын ұйымдастыруға және өткізуге (емтихан комиссияларының құрамы) қатысу.
Тармақ 2.6.4
2.6.4. Оқушының білім беру ұйымында қосымша, Әкімдіктің жолдамасында көзделмеген сабақтарды өтуі жөніндегі шығындарды кәсіпорын қаражаты есебінен төлеу (қоса қаржыландыру).
Тарау 3. 3. Тараптардың жауапкершілігі
3. Тараптардың жауапкершілігі
Тармақ 3.1
3.1. Осы Шарттың талаптарын орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен жауапкершілікте болады.
Тарау 4. 4. Дауларды шешудің тәртібі
4. Дауларды шешудің тәртібі
Тармақ 4.1
4.1. Осы Шартты орындау кезінде туындауы мүмкін даулар мен келіспеушіліктерді Тараптар жазбаша түрдегі шағымын ұсына отырып келіссөздер арқылы шешетін болады. Шағым алған Тарап, оны қарауға және оны алған күннен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде жазбаша жауап беруге міндетті.
Тармақ 4.2
4.2. Егер Тараптар келіссөз арқылы келісімге келе алмаса, дау Қазақстан Республикасының сот орындарына шешуге жіберіледі.
Тарау 5. 5. Қорытынды ережелер
5. Қорытынды ережелер
Тармақ 5.1
5.1. Осы Шартқа енгізілген кез келген өзгерістер мен толықтырулар, олар жазбаша нысанда жасалған және Тараптар уәкілеттік берген адамдардың қолы қойылған жағдайда ғана заңды болады.
Тармақ 5.2. Тараптардың мекенжайлары мен банктік деректемелері
5.2. Осы Шарт мемлекеттік тілде және қажет болған кезде орыс тілінде үш данада жасалды. Барлық даналары ұқсас және бірдей күші бар. Тараптардың әрқайсысында осы Шарттың бір-бір данасы бар. Тараптардың мекенжайлары мен банктік деректемелері ӘКІМДІК ЖҰМЫС БЕРУШІ ОҚУШЫ Әкімдік___________ СТН_______________ Т.А.Ә._______________ СТН_______________ ИИК_______________ __________т.ж. ИИК_______________ Банк______________ Жеке куәлігі N_______ Банк______________ БИК_______________ ______ж. "___"_______ БИК_______________ Мекенжайы:________ берілген Мекенжайы:________ Тел.______________ Тұратын жері:________ Тел.______________ Тел._________________ Әкімдіктің өкілі қолы _______________ (Т.А.Ә.) Жұмыс беруші қолы _______________ (Т.А.Ә.) Оқушы қолы _______________ (Т.А.Ә.)