Об организации "Молодежной практики" для безработной молодежи
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации "Молодежной практики" для безработной молодежи
- Атауы (қаз.)
- Жұмыссыз жастарға арналған "Жастардың іс-тәжірибесін" ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 147
- Қабылданған күні
- 19.05.2009
- Көрсетілген редакция
- 20.04.2010 AI46564_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.04.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09KM000065
- ЭКБ идентификаторы
- 46564
- Редакция идентификаторы
- AI46564_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:03
0 Жұмыссыз жастарға арналған "Жастардың іс-тәжірибесін" ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы "Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 264 Қаулысына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
1 1) бастапқы, орта және жоғарғы кәсіби білім беру орындарын бітірген, "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар (әрі қарай - жұмыссыз жастар) арасында "Жастардың іс-тәжірибесі" жұмысын өткізуді ұйымдастырсын;
2 2) жұмыссыз жастарға уақытша жұмыс орындарын ұсынуға ниет білдірген жұмыс берушілермен алты айдан аспайтын мерзім уақытқа дейін шарт жасасын;
3 3) жұмыссыз жастардың ай сайынғы он бес мың теңге көлеміндегі еңбек ақылары олардың есеп шоттарына аудару арқылы төленсін.
2
2. "Қарқаралы ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі 451-02-103 "Республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен әлеуметтік жұмыс орындар және жастар тәжірибесі бағдарламасын кеңейту" бюджеттік бағдарлама бойынша тиісті жылдың аудан бюджетінде қарастырылған қаражаттар шегінде қаржыландыруды жүзеге асырсын.