О мерах по организации социальных рабочих мест
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О мерах по организации социальных рабочих мест
- Атауы (қаз.)
- Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 126
- Қабылданған күні
- 15.05.2009
- Көрсетілген редакция
- 07.07.2010 46568_180026.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.07.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09KE000072
- ЭКБ идентификаторы
- 46568
- Редакция идентификаторы
- 46568_180026
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:04
0 Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 қаулысына сәйкес, әлеуметтік мақсатты топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтiк қолдау көрсету мақсатында Қаражал қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Қаражал қаласы бойынша тұрғындардың әлеуметтік мақсатты топтарына енетiн тұлғаларды 2009 жылы әлеуметтiк жұмыс орындарына қабылдайтын кәсiпорындардың тiзiмi бекiтiлсiн (қосымшаға сәйкес).
2
2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Н. Гармашова) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істеуге ықыласты, әлеуметтік мақсатты топтардағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа қабылдау және жіберу, осы санаттағы азаматтарды жұмысқа орналастыру жөнінде жұмыс берушілермен шарт жасасу және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың тиімділігін, жасалған шарттардың орындалуын бақылау жөніндегі жұмыстарды жүргізсін.
3
3. 2009 жылы әлеуметтік жұмыс орындарына жолданған әлеуметтік мақсатты топтағы жұмысшыларға,сонымен қатар қысқартылған жұмысшыларға, еңбекке жарамды жастағы түлектер мен оралмандарға төленетін еңбекақы мөлшерін жұмыс берушілер ай сайын еңбек шартына сәйкес нақты орындалған жұмыс көлемі үшін жүргізеді, және ол 30 000 теңгені құрайды, оның ішінде 15000 теңге Жол картасын іске асыру бағдарламасы шеңберінде Республикалық бюджеттен бөлінген қаржының есебінен, 15000 теңге жұмыс берушілердің қаражаты есебінен.
4
4. Қаражал қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 15 шілдедегі N 216 "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қаражал қаласы Әділет басқармасында 2008 жылы 25 тамызда тіркелген тіркеу нөмірі 8-5-57, 2008 жылғы 6 қыркүйектегі "Қазыналы өңір" газетінің N 36 жарияланған).
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары З. Оспановаға жүктелсiн.
6 6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 2009 жылғы
15 мамырдағы N 126
Қаражал қаласы әкiмдігінің
қаулысына бекітілді
2009 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырған кәсiпорындар тiзiмi
N
Кәсіпорындар атауы
Жұмыс түрлері
Адам саны
Жұмыс көлемі (мың теңге)
Қала бюджеті
Жұмыс берушінің қаржысынан
1.
"Жәйремэнергоқызметі" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
1. Абаттандыру және көгалдандыру,
5
450
450
2. Жылу маусымындағы жұмыстар
25
2250
2250
2.
"Қаражал қаласының әкімиятының Қалалық коммуналдық шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
1. Абаттандыру және көгалдандыру,
4
360
360
2. Жылу маусымындағы жұмыстар
8
720
720
Барлығы:
42
3780
3780