Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Инструкции о порядке лицензирования деятельности, осуществляемой в рамках отдельных таможенных режимов, и услуги по временному хранению

Бұйрық · № 530_П · қабылданған 03.11.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-4657/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об утверждении Инструкции о порядке лицензирования деятельности, осуществляемой в рамках отдельных таможенных режимов, и услуги по временному хранению Күшін жойған 09.02.2001 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Инструкции о порядке лицензирования деятельности, осуществляемой в рамках отдельных таможенных режимов, и услуги по временному хранению

Күшін жойған Бұйрық № 530_П 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Инструкции о порядке лицензирования деятельности, осуществляемой в рамках отдельных таможенных режимов, и услуги по временному хранению
Атауы (қаз.)
Жекелеген кеден режимдерінің шеңберінде жүзеге асырылатын қызметті және уақытша сақтау жөніндегі қызмет көрсетулерді лицензиялаудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
530_П
Қабылданған күні
03.11.1999
Көрсетілген редакция
09.02.2001 AI4657_1.kaz
Соңғы өзгеріс
09.02.2001
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V990000973_
ЭКБ идентификаторы
4657
Редакция идентификаторы
AI4657_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:51
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.02.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Жекелеген кеден режимдерінің шеңберінде жүзеге асырылатын қызметті және уақытша сақтау жөніндегі қызмет көрсетулерді лицензиялаудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы

"Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына Z952368_ және лицензиялау туралы заңдарға U952200_ сәйкес Бұйырамын:

1. Жекелеген кеден режимдерiнің шеңберiнде жүзеге асырылатын қызметтi және уақытша сақтау жөнiндегi қызмет көрсетулердi лицензиялаудың тәртiбi туралы нұсқаулық бекiтiлсiн (1-қосымша).

2. Кеден қоймасын, еркiн қойманы, уақытша сақтау қоймасын және бажсыз сауда жасайтын дүкендi құруға арналған лицензиялардың нысандары бекiтiлсiн (2, 3, 4, 5-қосымшалар).

3. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (Мұхамедиева Г.) осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.

4. Кеден режимдерiн және кедендiк ресiмдеудi бақылауды ұйымдастыру бас басқармасы (Байболов М.) осы бұйрықтың iске асырылуын қамтамасыз етсiн.

5. Баспасөз қызметi (Исахан Г.) осы бұйрықтың жариялануын қамтамасыз етсiн.

6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.

7. Бұйрық мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.

8 Жекелеген кеден режимдерiнiң шеңберiнде жүзеге асырылатын қызметтi және уақытша сақтау жөнiндегi қызмет көрсетулердi лицензиялаудың тәртiбi туралы нұсқаулық

Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрлігі
Кеден комитетінің
1999 жылғы 03.11 N 530-Б
бұйрығына
1-қосымша
Жекелеген кеден режимдерiнiң шеңберiнде жүзеге асырылатын
қызметтi және уақытша сақтау жөнiндегi қызмет көрсетулердi
лицензиялаудың тәртiбi туралы нұсқаулық

1

1. Жалпы ережелер

1. Осы Нұсқаулық лицензиялау туралы заңдарға және "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кеден қоймасын, еркiн қойманы, бажсыз сауда жасайтын дүкендi құруға арналған лицензияларды берудің тәртiбiн, сондай-ақ берiлген лицензияларды тоқтата тұрудың, қайтарып алудың тәртiбiн айқындайды. Лицензияны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлiгiнің Кеден комитетi (бұдан әрi - Кеден комитетi) бередi.

2. Кеден органдары лицензияны тиiстi үй-жайлары немесе орындары кеден қоймасына, еркiн қоймаға, уақытша сақтау қоймасына (бұдан әрi - қоймалар) және бажсыз сауда жасайтын дүкенге қойылатын талаптарға жауап беретiн тұлғаларға берiледi.

3. Қоймалардың және бажсыз сауда жасайтын дүкеннің құрылымына және жабдықталуына қойылатын талаптарды Кеден комитетi айқындайды.

2

2. Лицензия берудiң тәртiбi

4. Лицензия алу үшiн мынадай құжаттар қажет:

1) "Қазақстан Республикасы Президентiнің 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 P951894_ қаулысымен бекiтiлген нысанда лицензия беру туралы тұлғаның өтiнiшi;

2) қызмет аумағында үй-жай немесе орын орналасқан Қазақстан Республикасы кеден органының қоймалардың және бажсыз сауда жасайтын дүкеннің құрылымы мен жабдықтарына қойылатын талаптарға және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да қойылатын бiлiктiлiк талаптарға сәйкес келуi туралы қорытындысы;

3) лицензиялық алымды төлегенi туралы түбiртек.

5. Лицензиялау туралы заңдармен белгiленген негiздемелер бойынша лицензиялар берiлмейдi.

3

3. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың және лицензияны қайтарып алудың тәртiбi

6. Лицензиат лицензияда көрсетiлген талаптарды орындамаған жағдайда Кеден комитетiнің шешiмi бойынша лицензияның қолданылуы алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтатылуы мүмкiн.

7. Кеден комитетi қызмет аумағында қоймалары немесе бажсыз сауда жасайтын дүкенi тұрған кеден органының қойылған талаптарға сәйкес еместiгi туралы не кеден заңдарының бұзылу фактiлерi туралы қорытындысы негiзiнде лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiм қабылдайды.

8. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға түрткi болған себептер жойылғаннан кейiн лицензияны қолдануды қайта күшiне енгiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап лицензияны қолдану қайта күшiне енедi. Лицензияны қолдануды тоқтата тұру және оның қолданылуын күшiне енгiзу туралы шешiм Кеден комитетiнің бұйрығы нысанында қабылданады.

9. Лицензиялау туралы заңдармен белгiленген жағдайда лицензия сот

тәртiбiмен қайтарып алынады.
10. Лицензияны қайтарып алу және оның қолданылуын тоқтата тұру "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кеден ережелерiн бұзғаны үшiн салынатын жаза түрiнде қолданылады.

4. Лицензияның қолдану күшiн жою

11. Лицензия:
1) лицензиялар қайтарып алынған;
2) тұлға кәсіпкерлiк қызметiн тоқтатқан, заңды тұлға қайта құрылған немесе таратылған жағдайда өзiнің қолданылуын тоқтатады.
12. Заңды тұлға қайта тiркелген кезде лицензияның қолданылуы сақталады.

5. Қорытынды ережелер

13. Кеден органдарының лицензиялауға байланысты шешiмдерiне тұлғалар
заңдармен белгіленген тәртiппен шағымдануы мүмкiн.