Үржар ауданындағы тірі мал сататын "Мурат" мал базарына шектеу іс-шараларын қою туралы
Күшін жойған
Қаулы
·№ 304
·
12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Үржар ауданындағы тірі мал сататын "Мурат" мал базарына шектеу іс-шараларын қою туралы
- Атауы (қаз.)
- Үржар ауданындағы тірі мал сататын "Мурат" мал базарына шектеу іс-шараларын қою туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 304
- Қабылданған күні
- 15.05.2009
- Көрсетілген редакция
- 10.07.2009 · қолданыстағы 46573_216154.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.07.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09VR000079
- ЭКБ идентификаторы
- 46573
- Редакция идентификаторы
- 46573_216154
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:04
0 Үржар ауданындағы тірі мал сататын "Мурат" мал базарына шектеу іс-шараларын қою туралы
Үржар ауданындағы орталық "Мурат" тірі мал базарына жануарлар мен адамға ортақ бруцеллез індеті қалыптасып отырған күрделі жағдайдың орын алуына байланысты, Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10-шілдедегі № 339 Заңының 10-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына, ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынысы негізінде және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 18) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Үржар ауданындағы орталық "Мурат" тірі мал базарына ауыл шаруашылығы малдарының негізгі бөлігі бруцеллезге тексеріліп болғанша 40 күн мөлшерінде уақытша бруцеллез індетінен шектеу қойылсын.
2 2. Эпизоотияны жою жөніндегі шаралар Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10-шілдедегі № 339 Заңына сәйкес іске асырылсын.
3 3. Шектеу іс шараларының ұйымдастырылуына және атқарылу барысына ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы (Б. Сатай келісімі бойынша) бақылау жүргізуі ұсынылсын.
4 4. Осы қаулының орындалуына бақылау жүргізу Үржар ауданының ауыл шаруашылық бөлімі ММ-сі бастығына (А. Бексұлтановқа) жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
ҚР АШМ АӨКМИК аудандық
аумақтық инспекциясының бастығы С. Садуақасов