Құжат мәтініне өту

Аудан аумағындағы Мақаншы, Көктерек ауылдық округтері бойынша ұсақ мүйізді малдарынан бруцеллез індетінің шығуына байланысты шектеу қою туралы

Қаулы · № 306 · қабылданған 21.05.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-46574/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Аудан аумағындағы Мақаншы, Көктерек ауылдық округтері бойынша ұсақ мүйізді малдарынан бруцеллез індетінің шығуына байланысты шектеу қою туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 306 ·21.05.2009
03.11.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.11.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Аудан аумағындағы Мақаншы, Көктерек ауылдық округтері бойынша ұсақ мүйізді малдарынан бруцеллез індетінің шығуына байланысты шектеу қою туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 306 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Аудан аумағындағы Мақаншы, Көктерек ауылдық округтері бойынша ұсақ мүйізді малдарынан бруцеллез індетінің шығуына байланысты шектеу қою туралы
Атауы (қаз.)
Аудан аумағындағы Мақаншы, Көктерек ауылдық округтері бойынша ұсақ мүйізді малдарынан бруцеллез індетінің шығуына байланысты шектеу қою туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
306
Қабылданған күні
21.05.2009
Көрсетілген редакция
03.11.2009 · қолданыстағы 46574_216167.kaz
Соңғы өзгеріс
03.11.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09VR000080
ЭКБ идентификаторы
46574
Редакция идентификаторы
46574_216167
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:02

0 Аудан аумағындағы Мақаншы, Көктерек ауылдық округтері бойынша ұсақ мүйізді малдарынан бруцеллез індетінің шығуына байланысты шектеу қою туралы

Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10 бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 18) тармақшасын басшылыққа алып, Үржар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2009 жылғы 12-мамырдағы № 248 ұсынысының негізінде Мақаншы, Көктерек ауылдық округтерінің ұсақ мүйізді малдарынан бруцеллез індетінің шығуына байланысты, Үржар ауданының Әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мақаншы, Көктерек ауылдық округтерінде ұсақ мүйізді малдарының арасында бруцеллез індетіне қарсы шектеу қойылсын.

2 2. Мақаншы, Көктерек ауылдық округтерінде шектеу шарттары бойынша рұқсат етілмейді:

1 1) шектеу қойылған аумақ арқылы аурудан таза жануарларды тасымалдауға, айдап өтуге, енгізуге, сыртқа шығаруға, тек оларды етке союға жіберген жағдайдан басқа;

2 2) індет ошағы айқындалған аурудан таза емес аумақтан басқа аумаққа әкетуге, шөп, сабан және басқа мал азығын дайындауға, сондай-ақ мал және адамдардың жиналуына байланысты шаралар жүргізуге;

3 3) бруцеллезбен ауырған жануарларды және олардан алынған төлдерді бес күннен артық ұстауға.

3 3. Мақаншы, Көктерек ауылдық округтерінің тұрғындарын медициналық байқаудан өткізу үшін аудандық денсаулық сақтау бірлесігінен (Б.А. Мадрахимов – келісім бойынша) қолғабыс көрсету ұсынылсын.

4 4. ҚР ДСМ МСЭҚК ШҚО бойынша Үржар аудандық басқарма бастығынан (Б.Н. Нигматуллин – келісім бойынша) адамдар арасында бруцеллез ауруын дер кезінде анықтап, олардың аурудан емделуін қадағалау ұсынылсын.

5 5. Үржар ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы (М.З. Мұздыбаев – келісім бойынша) сауықтыру іс-шараларын өткізуге көмек көрсету ұсынылсын.

6 6. Мақаншы, Көктерек ауылдық округтерінің әкімдері (Е. Сағымбеков, С. Қалиев) сауықтыру іс-шараларының өткізілуін ұйымдастыру міндеттелсін.

7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Байсабыровқа жүктелсін.

8 8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы