Об организации социальных рабочих мест в Акмолинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации социальных рабочих мест в Акмолинской области
- Атауы (қаз.)
- Ақмола облысында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-5/236
- Қабылданған күні
- 28.05.2009
- Көрсетілген редакция
- 02.04.2010 46628_172074.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.04.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09B0003322
- ЭКБ идентификаторы
- 46628
- Редакция идентификаторы
- 46628_172074
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:00
0 Ақмола облысында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 264 қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын (Жол картасын) орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын, «Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру үшін облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне аударылатын ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттерін пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 сәуірдегі № 603 қаулысын жүзеге асыру мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылсын (бұдан әрі - әлеуметтік жұмыс орындары).
2 2. Әлеуметтік жұмыс орындары алты айға дейінгі мерзімге ұйымдастырылады.
3
3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың еңбекақысын төлеуге жұмсалған жұмыс берушінің шығындары жергілікті (аудандық, облыстық маңызы бар қалалық) бюджетпен қарастырылған қаражаттың шегінде ең төменгі айлық еңбекақының 50 пайыз көлемінде жергілікті (аудандық, облыстық маңызы бар қалалық) бюджеттің қаражатынан өтеледі.
4
4. 2009 жылдың 1 мамырынан бастап әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың еңбекақысын төлеуге жұмсалған шығындар республикалық бюджеттен әлеуметтік жұмыс орындарын және жастардың іс-тәжірибесінің бағдарламасын кеңейтуге бөлінген нысаналы ағымдағы трансферттердің есебінен бір қатысушыға айына 15000 теңге көлемінде және 15000 теңге жұмыс берушінің есебінен жүзеге асырылады.