Құжат мәтініне өту

Әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы

Қаулы · № 210 · қабылданған 05.06.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 09.06.2010 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-46638/?version=AI46638_1.kaz
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 210 ·05.06.2009
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы

ҚАЗӘлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 210 · қабылданған 05.06.2009

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы
Атауы (қаз.)
Әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
210
Қабылданған күні
05.06.2009
Көрсетілген редакция
09.06.2010 · қолданыстағы AI46638_1.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
09.06.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09VP000077
ЭКБ идентификаторы
46638
Редакция идентификаторы
AI46638_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:58

0 Әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 23 қаңтар 2001 жылғы № 148 Заңының 37 бабының 1, 2 тармақтарын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» № 149 Заңын және Елбасының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыс арқылы жаңарумен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 6 наурыз 2009 жылғы № 264 қаулысының 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарының «Жол картасы» 1.5 басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Халықты мақсатты топтарын жұмысқа орналастыру мақсатында әлеуметтік жұмыс орындарын (ары қарай әлеуметтік жұмыс орындары) ұйымдастырылсын.

2 2. Әлеуметтік жұмыс орындары 6-ай мерзімге ұйымдастырылады.

3 3. Әлеуметтік жұмыс орындары меншік түріне қарамастан мекеме кәсіпорындарында және жеке шаруашылықтарда ұйымдастырылады (ары қарай жұмыс берушілер)

4 4. Әлеуметтік жұмыс орнын құруды жергілікті атқарушы органмен келісім шарт негізінде жұмыс беруші жүзеге асырады. Келісім шартта тараптардын міндеттері, жұмыс түрі, көлемі, еңбек ақы төлемінің мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орынында жұмыс істеу мерзімі қаржыландыру көздері көрсетіледі.

5 5. Жұмыс беруші еңбекпен қамту бағдарламасы бойынша әлеуметтік жұмыс орынына орналастырылған жұмыссызға төленетін еңбек ақы шығындарын жартылай төлесе, бюджеттін қаржысы есебінен Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген ең төменгі еңбек ақының 50 пайызы мөлшерінде өтеледі.

6 6. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған нысаналы топтардан азаматтардың еңбек ақы төлемі айына 30 мың теңгеден кем болмауы тиіс; жұмыс беруші жағынан 15 мың теңгеден кем емес және жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жағынан жергілікті бюджеттен 15 мың теңге.

7 7. Азаматты әлеуметтік жұмыс орынына қабылдау туралы шешім қабылданған жағдайда, «Жұмыс беруші» Қазақстан Республикасының «Еңбек Кодексіне» сәйкес «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен» келісім шартта аталған мерзімге жұмыссызбен еңбек шартты жасалады.

8 8. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыс берушілерді іріктеу жұмыстары арнайы ұсыныстардың түсуіне байланысты кезекке қойылып жүзеге асырылады.

9 9. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

10 10. Осы қаулының орындалуына басшылық жасау аудан әкімінің орынбасары А. Түрекеноваға жүктелсін.