Құжат мәтініне өту

Некоторые вопросы акционерных обществ «Санаторий «Алматы» и «Санаторий «Ок-Жетпес»

Қаулы · № 975 · қабылданған 23.06.2009
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-46640/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Некоторые вопросы акционерных обществ «Санаторий «Алматы» и «Санаторий «Ок-Жетпес» Қолданыста Қаулы ·№ 975 ·23.06.2009
28.08.2015 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Некоторые вопросы акционерных обществ «Санаторий «Алматы» и «Санаторий «Ок-Жетпес»

Қолданыста Қаулы ·№ 975 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Некоторые вопросы акционерных обществ «Санаторий «Алматы» и «Санаторий «Ок-Жетпес»
Атауы (қаз.)
"Алматы" санаторийі" және "Оқжетпес" санаторийі" акционерлік қоғамдарының кейбір мәселелері
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
975
Қабылданған күні
23.06.2009
Көрсетілген редакция
28.08.2015 AI46640_4.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P090000975_
ЭКБ идентификаторы
46640
Редакция идентификаторы
AI46640_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:53

0 "Алматы" санаторийі" және "Оқжетпес" санаторийі" акционерлік қоғамдарының кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) "Алматы" санаторийі" және "Оқжетпес" санаторийі" акционерлік қоғамдары акцияларының мемлекеттік пакетін иелену мен пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығына берсін;

2 2) осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

2 2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

3 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 23 маусымдағы
N 975 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1 1. "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 29 қарашадағы N 1455 қаулысында:

көрсетілген қаулыға 2-қосымшадағы "Алматы" санаторийі" ААҚ", "Оқжетпес" санаторийі" АҚ" деген жолдар алынып тасталсын.

2 2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында:

көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасына" деген бөлімде:
реттік нөмірлері 238-4 және 238-9-жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірлері 307 және 308-жолдармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығына
307 АЛА - 005281       "Алматы" санаторийі" АҚ
308                    "Оқжетпес" санаторийі" АҚ.

3

4

Қолданыстағы