Құжат мәтініне өту

Об организации социальных рабочих мест для трудоустройства безработных из целевых групп

Қаулы · № 23/06 · қабылданған 28.05.2009
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-46650/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об организации социальных рабочих мест для трудоустройства безработных из целевых групп Қолданыста Қаулы ·№ 23/06 ·28.05.2009
31.01.2014 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.01.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации социальных рабочих мест для трудоустройства безработных из целевых групп

Қолданыста Қаулы ·№ 23/06 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации социальных рабочих мест для трудоустройства безработных из целевых групп
Атауы (қаз.)
Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды еңбекпен қамту үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
23/06
Қабылданған күні
28.05.2009
Көрсетілген редакция
31.01.2014 46650_180094.kaz
Соңғы өзгеріс
31.01.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09KD000147
ЭКБ идентификаторы
46650
Редакция идентификаторы
46650_180094
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:00

0 Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды еңбекпен қамту үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 "Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қаулысына сәйкес, еңбек нарығындағы жағдайды есепке ала отырып, жұмыспен қамту саясатын іске асыру және жұмыспен қамту саласында қосымша мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз ету мақсатында, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Балқаш қаласы тұрғындарының нысаналы топтарына жататын тұлғаларының мынадай қосымша тізбесі белгіленсін:

1 1) оқу орындарының түлектері;

2 2) ұзақ уақыт жұмыс істемеген тұлғалар (1 жылдан астам);

3 3) Балқаш қаласының ұйымдары, кәсіпорындары, мекемелерінің саны немесе штатының қысқартылуына байланысты босатылған тұлғалар.

2 2. Бір қатысушының орташа айлық аударымдар мөлшері жергілікті бюджеттен 15000 теңгеге жеткізілсін. Жұмыс берушінің елу пайыздық салымын ескере отырып, қатысушылардың орташа жалақысы айына 30000 теңгені құрайды.

3 3. "Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Қ.Қ. Адамова):

1 1) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруын қамтамасыз етсін;

2 2) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға жұмыс берушілермен екі жақтың міндеттері, жұмыс түрлері, көлемі және еңбекақы мөлшері, төлеу жағдайы, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көзі, жіберілетін жұмыссыздар саны көрсетілуімен келісім жасасын.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Людмила Мырзахметқызы Түкбаеваға жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енеді және 2009 жылдың 1 маусымнан 2009 жылдың 31 желтоқсанға дейін туындаған құқықтық қатынастарды реттейді.

Қолданыстағы