Об организации дополнительных мер по социальной защите молодежи – выпускников учебных заведений начального, среднего и высшего профессионального образования
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации дополнительных мер по социальной защите молодежи – выпускников учебных заведений начального, среднего и высшего профессионального образования
- Атауы (қаз.)
- Бастауыш, орташа және жоғарғы кәсіби білім мекемелерінің түлектері – жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 172/5
- Қабылданған күні
- 17.06.2009
- Көрсетілген редакция
- 27.07.2011 AI46653_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.07.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09PF000074
- ЭКБ идентификаторы
- 46653
- Редакция идентификаторы
- AI46653_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:55
0 Бастауыш, орташа және жоғарғы кәсіби білім мекемелерінің түлектері – жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 120-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 5-бабы 2), 11) -тармақшасына сәйкес, тұрғындарды жұмыспен қамтуға қолғабыс көрсету шараларын кеңейту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Бастауыш, орташа және жоғарғы кәсіби білім мекемелерінің түлектері (бұдан әрі – оқу мекемелері) – жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар ретінде Жастар практикасына жұмысқа орналастыру белгіленсін.
2
2. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Уәкілетті орган) еңбек нарығында пайда болған жағдайлар мен жұмыссыз жастар құрамын есепке ала отырып, оларды Жастар практикасына жіберу үшін оқу мекемелерінің жұмыссыз түлектері санын анықтасын.
3
3. Уәкілетті органға жастар практикасын ауданның кәсіпорындарында, мекемелерінде және ұйымдарында (бұдан әрі – Жұмыс беруші), меншіктік нысанына байланыссыз (келісім бойынша), ұйымдастыру және өткізу ұсынылсын. Уәкілетті орган Жұмыс берушімен келісімшартың негізінде өзара әрекет етеді. Келісімшарт жұмысқа қабылданатын жұмыссыздар санын, жұмыс беруші жұмысқа қабылдайтын кәсіптер тізілімін (мамандық), қажет болған жағдайда қосымша кәсіптік даярлау, жастар практикасына қатысушынын кәсіби білімімен, олардың кәсібіне сәйкес, білік тілік пен дағды мен қамтамассыз ету міндеттемесін қарастырады.
4 4. Уәкілетті органда жұмыссыз ретінде кезек тәртібінде тіркеуде тұрған, оқу мекемелері түлектерінің оқуды тамамдағаннан кейін 12 ай ағымында Жастар практикасына қатысуға құқығы бар. Жастар практикасын өту мерзімі алты айдан болмауы тиіс.
5 5. Жастар практикасын өткізу бойынша іс-шараларды қаржыландыру республикалық бюджеттен нысанды трансферттер есебінен жүзеге асырылады.
Жастар практикасына қатысушыларының еңбек ақысы нақты жұмыс істеген уақыты үшін 26000 (жиырма алты мың) теңге мөлшерінде Уәкілетті органмен төленеді.