Құжат мәтініне өту

Об организации дополнительных мер по социальной защите молодежи - выпускников учебных заведений начального, среднего и высшего профессионального образования

Қаулы · № 92/5 · қабылданған 27.05.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-46654/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об организации дополнительных мер по социальной защите молодежи - выпускников учебных заведений начального, среднего и высшего профессионального образования Күшін жойған Қаулы ·№ 92/5 ·27.05.2009
27.05.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.05.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации дополнительных мер по социальной защите молодежи - выпускников учебных заведений начального, среднего и высшего профессионального образования

Күшін жойған Қаулы ·№ 92/5 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации дополнительных мер по социальной защите молодежи - выпускников учебных заведений начального, среднего и высшего профессионального образования
Атауы (қаз.)
Бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім, жалпы білім беретін мектептердің оқыту мекемесінде жас түлектерді әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
92/5
Қабылданған күні
27.05.2009
Көрсетілген редакция
27.05.2009 AI46654_0.kaz
Соңғы өзгеріс
27.05.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09PI000092
ЭКБ идентификаторы
46654
Редакция идентификаторы
AI46654_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:00

0 Бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім, жалпы білім беретін мектептердің оқыту мекемесінде жас түлектерді әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 120-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13, 14 -тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту" Заңының 5-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 5-бабының 2, 11-тармақтарына сәйкес, сондай-ақ тұрғындарды жұмыспен қамтуда жәрдемдесу бойынша шараларды ұлғайту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім, жалпы білім беретін мектептердің оқу мекемелерінің жас түлектерін әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралары ретінде – Жастар тәжірибесіне жұмысқа орналастыру болып бекітілсін.

2

2. Еңбек нарығында қалыптасқан жағдайды ескере отырып, "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – Уәкілетті орган) Жастар тәжірибесіне бағыттау үшін бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім, жалпы білім беретін мектептерінің (әрі қарай - кәсіптік оқу орны) түлектері арасынан жұмыссыздар санын анықтасын.

3

3. Уәкілетті орган кәсіпорын, мекеме мен ұйымдардың (әрі қарай – Жұмыс беруші) меншік нысанына қарамастан (келісім бойынша) жастар тәжірибесін ұйымдастырсын, Уәкілетті орган Жұмыс берушілермен келісім шарт негізінде қарым-қатынас жүргізеді. Келісім шартта жұмысқа қабылданатын жұмыссыздар саны, жұмыс берушінің жұмысқа қабылдайтын, қажет жағдайда қосымша кәсіби даярлайтын кәсіптер (мамандықтар) тізімі, жастар тәжірибесінің қатысушыларын мамандықтарына сәйкес кәсіби біліктілік, шеберлік және дағдымен қамтамасыз ету міндеттемелерін қарастырады. Жастар тәжірибесі шеңберінде кәсіби оқу мекемелерінің жұмыссыз түлектеріне уақытша жұмыс орындарын ұсынуға тілек білдірген жұмыс беруші Уәкілетті органмен тиісті келісім шарт жасайды.

4 4. Жастар тәжірибесіне оқу орындарын тәмәмдағаннан кейін алған мамандықтары бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ кәсіби оқу орындарының түлектері қатыса алады.

5 5. Жастар тәжірибесін өткізу жөніндегі іс-шаралар жергілікті бюджет қаражаты мен республикалық бюджеттің мақсатты трансферттері есебінен жүзеге асырылады.

Жастар тәжірибесіне қатысушылардың еңбек ақыларын ағымдағы жылға арналған Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамасымен нақты жұмыс істеген уақытына ең аз еңбек ақыдан ең аз еңбек ақының жартысына дейін Уәкілетті орган жүргізеді.

6 6. Бұл қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Ө.Сағандықовқа жүктелсін.

Қолданыстағы