Құжат мәтініне өту

Об установлении основных условий бюджетного кредита

Қаулы · № 161 · қабылданған 05.06.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-46680/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об установлении основных условий бюджетного кредита Күшін жойған Қаулы ·№ 161 ·05.06.2009
07.02.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.02.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении основных условий бюджетного кредита

Күшін жойған Қаулы ·№ 161 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении основных условий бюджетного кредита
Атауы (қаз.)
Бюджеттік кредиттің негізгі шарттарын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
161
Қабылданған күні
05.06.2009
Көрсетілген редакция
07.02.2020 46680_443577.kaz
Соңғы өзгеріс
07.02.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09S0001714
ЭКБ идентификаторы
46680
Редакция идентификаторы
46680_443577
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:58

0 Бюджеттік кредиттің негізгі шарттарын белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 175-бабы 3-тармағына, 180-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашасындағы № 1039 «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Облыстық бюджет қаражаты есебінен бюджеттік кредиттің негізгі шарттары (бұдан әрі – бюджеттік кредит) және қарыз алушылар санаты белгіленсін.

2 2. Келесілер айқындалсын:

бюджеттік кредитті берудің мақсаты – ауылда
ауыл шаруашылығын,
қайта өңдеу өнеркәсібін,
ауылдық жердегі халыққа қызмет көрсетуді дамытуға бағытталған бизнес-жобаларды іске асыру кезінде қаржылай қолдау көрсету;
соңғы қарыз алушы санатына – ауылдағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жатады;
бір Соңғы қарыз алушыға бөлінетін кредиттік қаражаттың ең үлкен сомасы - 8 (сегіз) мың айлық есептік көрсеткіш;
бюджеттік кредит Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен беріледі;
бюджеттік кредит берудің шекті мерзімі 48 (қырық сегіз) ай, негізгі борышты 24 (жиырма төрт) айға дейін қайтару жөніндегі жеңілдетілген мерзіммен;
бюджеттік кредитті игеру кезеңі – кредиттік шартқа қол қойған күннен бастап алты ай;
Соңғы қарыз алушы үшін 10,5 (он бүтін бес ондық) жылдық пайыз көлемінде кесімді сыйақы ставкасы белгіленсін, оның 1 (бір) жылдық пайызы бюджеттік кредит бергені үшін сәйкес бюджетке аударылуы тиіс.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.С. Ескендіровке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы