Құжат мәтініне өту

Об организации социальных рабочих мест

Қаулы · № 18 · қабылданған 15.06.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-46681/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об организации социальных рабочих мест Күшін жойған Қаулы ·№ 18 ·15.06.2009
07.08.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.08.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации социальных рабочих мест

Күшін жойған Қаулы ·№ 18 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации социальных рабочих мест
Атауы (қаз.)
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
18
Қабылданған күні
15.06.2009
Көрсетілген редакция
07.08.2012 AI46681_4.kaz
Соңғы өзгеріс
07.08.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09VC000077
ЭКБ идентификаторы
46681
Редакция идентификаторы
AI46681_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:56

0 Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 7-бабы 5-4) тармақшасына және 18-1-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, «Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңарту мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 қаулысына сәйкес Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Халықтың нысаналы тобындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылсын (бұдан әрі - әлеуметтік жұмыс орындары).

2 2. Әлеуметтік жұмыс орындары алты айға дейінгі мерзімде ұйымдастырылады.

3 3. Әлеуметтік жұмыс орындары меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарды ұйымдастырылады (бұдан әрі - жұмыс беруші).

4

4. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру жұмыс берушімен қаланың жергілікті атқарушы органымен келісім-шарт негізінде жүзеге асырылады. Келісім-шарт тараптардың міндеттемелерін, жұмыс түрлері мен көлемін, еңбек ақы төлемінің мөлшері мен шарттарын, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздерін қамтуы тиіс.

5

5. "Жол картасы" шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмысшылардың еңбек ақысы жергілікті атқарушы органдар жағынан республикалық бюджет қаражаты есебінен 20 000 теңге және жұмыс берушінің қаражаты есебінен орташа еңбек ақы мөлшерінен 0,5 көрсеткіштен 20 000 теңгеге дейін жүргізілінеді.
📌 Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2010.05.06 N 353 қаулысымен (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

6 6. Еңбек шарттары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларына сәйкес әлеуметтік жұмыс орнына орналастырылған нысаналы топтағы азамат пен жұмыс берушінің арасында бекітілген еңбек келісім-шартымен белгіленеді.

7 7. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушіні іріктеу келіп түскен ресми ұсыныстар шегінде кезектілік тәртібінде жүргізіледі.

8 8. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Е. В. Старенковаға жүктелсін.

9 9. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы