Құжат мәтініне өту

Об организации социальных рабочих мест

Қаулы · № 323 · қабылданған 05.06.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-46708/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об организации социальных рабочих мест Күшін жойған Қаулы ·№ 323 ·05.06.2009
16.04.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации социальных рабочих мест

Күшін жойған Қаулы ·№ 323 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации социальных рабочих мест
Атауы (қаз.)
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
323
Қабылданған күні
05.06.2009
Көрсетілген редакция
16.04.2010 AI46708_2.kaz
Соңғы өзгеріс
16.04.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09VH000090
ЭКБ идентификаторы
46708
Редакция идентификаторы
AI46708_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:58

0 Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы, 1-тармағының, 13), 14)-тармақшаларына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы № 149 Заңының 7-бабының, 4-5-тармақтарына, 18-1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 қаулысымен бекітілген, мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңарту мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру мақсатында, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Халықтың нысаналы топтарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындары (бұдан әрі - әлеуметтік жұмыс орындары) құрылсын.

2 2. Әлеуметтік жұмыс орындары алты айға дейінгі мерзімге құрылады.

3 3. Әлеуметтік жұмыс орындары жеке меншік нысандарына тәуелсіз кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда (бұдан әрі – жұмыс беруші) құрылады.

4

4. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру ауданның жергілікті атқарушы органдарымен жасасқан келісімшарт негізінде, жұмыс берушілермен жүзеге асырылады. Келісім-шартта тараптардың міндеттері, жұмыс түрлері мен көлемі, еңбек ақы төлемінің мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру мерзімі мен көздері көрсетілуі тиіс.

5 5. Жұмыс берушінің Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша әлеуметтік жұмыс орынына жұмысқа орналасқан жұмыссыздың еңбекақысын төлеуге шыққан шығыны, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі еңбекақының елу пайызы мөлшерінде, сәйкес жергілікті бюджет қаражаттан ішінара қайтарылады.

6 6. «Жол картасы» шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан нысаналы топтардағы азаматтардың орташа еңбекақысы 30000 теңгені құрайды, оның ішінде 15000 теңге Республикалық бюджет қаражаты есебінен, 15000 теңге жұмыс берушінің қаражаты есебінен.

7 7. Еңбек жағдайлары, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан нысаналы топтардағы азамат пен жұмыс берушінің араларында жасалынған еңбек шартымен анықталады.

8 8. Әлеуметтік жұмыс орындарын құруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу, ресми ұсыныстардың түсуі бойынша кезекті тәртіппен жүргізіледі.

9

9. Бородулиха ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 7 ақпандағы № 1168 «Халықтың мақсатты топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар мен оларды қаржыландыру ережелері туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 15 ақпандағы № 2182 санымен тіркелген), 2006 жылғы 9 ақпандағы № 1604 «Бородулиха ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 7 ақпандағы № 1168 «Халықтың мақсатты топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар мен оларды қаржыландыру ережелері туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 27 ақпандағы № 5-8-18 санымен тіркелген, «Пульс района» аудан газетінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 14 (6115) сандарында жаряланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

10 10. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А. А. Нұрғожинға жүктелсін.

11 11. Осы қаулы Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап өз күшіне енеді және ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы