О дополнительных мерах по государственной поддержке молодежи
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О дополнительных мерах по государственной поддержке молодежи
- Атауы (қаз.)
- Жастарды мемлекеттік қолдау жөніндегі қосымша шаралар туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-6/260
- Қабылданған күні
- 15.06.2009
- Көрсетілген редакция
- 02.04.2010 46711_172099.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.04.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09B0003324
- ЭКБ идентификаторы
- 46711
- Редакция идентификаторы
- 46711_172099
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:56
0 Жастарды мемлекеттік қолдау жөніндегі қосымша шаралар туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын (Жол картасы) орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын, «Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру үшін облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне аударылатын ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттерін пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 сәуірдегі № 603 қаулысын жүзеге асыру мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Жастардың іс-тәжирибесін (бұдан әрі – Жастардың іс-тәжірибесі) ұйымдастыру арқылы Өкілетті органда тіркелген, жоғарғы оқу орындарын, колледждер мен кәсіби лицейлерді бітірушілердің арасынан ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органымен анықталатын нысаналы топқа кіретін жұмыссыз жастарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар белгіленсін.
2 2. Жастардың іс-тәжірибесі меншіктілік нысанына қарамастан ұйымдарда (бұдан әрі – Жұмыс беруші) өткізіледі.
3 3. Жастар іс-тәжірибесінің өтудің ең ұзақ мерзімі алты айдан аспауға тиіс.
4 4. Жастардың іс-тәжірибесін ұйымдастыру Өкілетті органмен жасалған шарттың негізінде Жұмыс берушімен жүзеге асырылады.
5 5. Жастар іс-тәжірибесінің қатысушына еңбекақы төлеу Уәкілетті органмен жергілікті (аудандық, облыстық маңызы бар қалалық) бюджеттердің есебінен Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген ең төменгі айлық еңбекақыдан аз емес көлемде, жасалған еңбек шартының негізінде жүргізіледі.
6
6. Бастап жастардың іс-тәжірибесін қаржыландыру республикалық бюджеттен жастардың іс-тәжірибесінің бағдарламасын кеңейтуге бөлінген нысаналы ағымдағы трансферттердің есебінен жүзеге асырылады. Жастар іс-тәжірибесінің қатысушысына еңбекақы төлеу бастап жасасқан еңбек келісім-шарты негізінде нақтылы жұмыс істеген уақыты үшін айына 15 000 теңге мөлшерінде Уәкілетті органмен жүргізіледі.