Құжат мәтініне өту

Об организации дополнительных мер по социальной защите молодежи - выпускников учебных заведений начального, среднего и высшего профессионального образования

Қаулы · № 168/6 · қабылданған 23.06.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-46715/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об организации дополнительных мер по социальной защите молодежи - выпускников учебных заведений начального, среднего и высшего профессионального образования Күшін жойған Қаулы ·№ 168/6 ·23.06.2009
14.02.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.02.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации дополнительных мер по социальной защите молодежи - выпускников учебных заведений начального, среднего и высшего профессионального образования

Күшін жойған Қаулы ·№ 168/6 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации дополнительных мер по социальной защите молодежи - выпускников учебных заведений начального, среднего и высшего профессионального образования
Атауы (қаз.)
Бастапқы, орта және жоғарғы кәсіптік білім беру орындарының түлектерін - жастарды әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
168/6
Қабылданған күні
23.06.2009
Көрсетілген редакция
14.02.2012 AI46715_2.kaz
Соңғы өзгеріс
14.02.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09PK000110
ЭКБ идентификаторы
46715
Редакция идентификаторы
AI46715_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:53

0 Бастапқы, орта және жоғарғы кәсіптік білім беру орындарының түлектерін - жастарды әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 120 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 5 бабы, 2), 11) тармақтарына сәйкес, тұрғындарды жұмыспен қамту шараларын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Бастапқы, орта және жоғарғы кәсіптік білім беру орындарының түлектерін - жастарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралары ретінде Жастар тәжірибесіне жұмысқа орналастыру болып белгіленсін.

2

2. "Павлодар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" Мемлекеттік мекемесі (одан әрі – Уәкілетті орган) еңбек нарығындағы қалыптасқан жағдайды және жұмыссыз жастар құрамын ескере отырып, Жастар тәжірибесіне жіберу үшін бастапқы, орта және жоғары оқу орындарының (одан әрі - Кәсіби оқу орындары) жұмыссыз түлектерінің санын анықтасын.

3

3. Жастар тәжірибесі кәсіпорындарда, мекемелерде және аудандық ұйымдарда (одан әрі – Жұмыс беруші) меншік нысанына тәуелсіз ұйымдастырылуы мен өткізілуін (келісім бойынша) уәкілетті органға ұсыну. Уәкілетті орган жұмыс берушімен келісім шарт негізінде өзара әрекет етеді. Келісім шартта жұмысқа қабылданатын жұмыссыздар саны, жұмыс беруші жұмысқа қабылдайтын кәсіп (мамандық) тізімі, қажет болған жағдайда қосымша кәсіптік дайындық, жастар тәжірибесінде қатысатындарды кәсіби біліммен қамтамасыз ету міндеттілігі, олардың мамандығына сәйкес шеберлігі мен дағдылары қарастырылады. Жұмыссыздарға – Кәсіби оқу орындарының түлектеріне Жастар тәжірибесі шегіндегі уақытша жұмыс беруге ниет білдірген жұмыс беруші Уәкілетті органмен тиісті келісім шарт жасасады.

4 4. Оқу орнын аяқтағаннан кейін алған мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ Кәсіби оқу орындары түлектерінің Жастар тәжірибесіне қатысуға құқығы бар.

5 5. Жастар тәжірибесін өткізу жөніндегі іс-шаралары қаржыландыру Республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.

Жастар тәжірибесіне бағытталған түлектердің орта айлық еңбекақысын уәкілетті орган жұмыс істеген уақыты үшін Қазақстан Республикасының орнатылған Заңына сәйкес төмен жалақы және бір жарым төмен жалақы мөлшерінде төленеді.

6 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Ш. Шәмкеноваға жүктелсін.

Қолданыстағы