Құжат мәтініне өту

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Қаулы · № 192 · қабылданған 12.06.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-46725/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 192 ·12.06.2009
25.03.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.03.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 192 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Атауы (қаз.)
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
192
Қабылданған күні
12.06.2009
Көрсетілген редакция
25.03.2010 · қолданыстағы AI46725_1.kaz
Соңғы өзгеріс
25.03.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09VJ000082
ЭКБ идентификаторы
46725
Редакция идентификаторы
AI46725_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:56

0 Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабы 5-4) тармақшаларына, 18-1 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы «Мемлекет Басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» (Жол картасы) атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» № 264 қаулысын іске асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Халықтың нысаналы топтарына жататын азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырсын (ары қарай - әлеуметтік жұмыс орындары).

2 2. Әлеуметтік жұмыс орындары алты ай мерзіміне дейін ұйымдастырылсын.

3 3. Әлеуметтік жұмыс орындары меншік нысанынан тәуелсіз кәсіпорындарда, ұйымдарда және мекемелерде ұйымдастырылсын (ары қарай – жұмыс беруші).

4 4. Әлеуметтік жұмыс орындарының құрылуы жұмыс берушінің аудандық жергілікті атқарушы органдармен шарты негізінде жүзеге асырылады. Шартта тараптардың міндеттері, әлеуметтік жұмыс орындарының түрлері, жұмыс өлшемі, еңбекақының мөлшері мен жағдайы, мерзімі және қаржы көздері көрсетілуі тиіс.

5 5. Жұмыс берушінің жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссызға төлейтін еңбекақы шығыны Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген жалақының ең төмен мөлшерінің елу пайызы ішінара тиісті жергілікті бюджет қаржысынан өтелсін.

6 6. Жол картасы шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан халықтың нысаналы топтарына жататын азаматтардың орташа жалақысы 30000 теңгені құрайды, оның 15000 теңгесі республикалық бюджет қаржысынан, 15000 теңгесі жұмыс берушінің қаржысы есебінен төленсін.

7 7. Еңбек жағдайы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларына сәйкес жұмыс беруші мен әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан халықтың нысаналы топтарына жататын азаматтың арасында жасасқан еңбек шартымен айқындалсын.

8 8. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу кезек тәртібімен, түскен ресми ұсыныс шаралары бойынша жүргізілсін.

9 9. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

10 10. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.М. Брынзовқа жүктелсін.

Қолданыстағы