Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Отдельные вопросы Министерства энергетики, индустрии и торговли Республики Казахстан

Қаулы · № 1807 · қабылданған 29.11.1999
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-4675/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Отдельные вопросы Министерства энергетики, индустрии и торговли Республики Казахстан Қолданыста 25.01.2001 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

Отдельные вопросы Министерства энергетики, индустрии и торговли Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы № 1807 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Отдельные вопросы Министерства энергетики, индустрии и торговли Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің жекелеген мәселелері
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1807
Қабылданған күні
29.11.1999
Көрсетілген редакция
25.01.2001 AI4675_2.kaz
Соңғы өзгеріс
25.01.2001
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P990001807_
ЭКБ идентификаторы
4675
Редакция идентификаторы
AI4675_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:48
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.01.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің жекелеген мәселелері

Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құрылымын жетілдіру және олардың құзыретін нақтылау жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 13 қазандағы N 235 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.01.25. N 133 қаулысымен.

2. "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 657 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 22, 224-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 1-тармақтың күші жойылды деп танылсын;

2) 2-тармақ мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:

7 "7) Атом энергетикасы жөніндегі комитет;

8) Аэроғарыш комитеті";

3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы; 27 мамырдағы N 657 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 шілдедегі N 968 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, N 1999 ж., N 34, 305-құжат);

2) "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда

министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитетінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы N 1268 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 43, 293-құжат) 5-тармағының 2) тармақшасы.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.