Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы реки Иртыш в городе Усть-Каменогорске и режима их хозяйственного использования
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы реки Иртыш в городе Усть-Каменогорске и режима их хозяйственного использования
- Атауы (қаз.)
- Өскемен қаласындағы Ертіс өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 89
- Қабылданған күні
- 03.06.2009
- Көрсетілген редакция
- 22.12.2016 46759_165679.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.12.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09V0002504
- ЭКБ идентификаторы
- 46759
- Редакция идентификаторы
- 46759_165679
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:58
0 Өскемен қаласындағы Ертіс өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына,«Өскемен қаласындағы Ертіс өзенінің Өскемен гидроэлектрстанциясынан бастап, Ертіс өзеніндегі теміржол көпіріне дейінгі сол жағалауы; Пограничная көшесінің тұсындағы Ертіс өзеніндегі автомобиль көпірінен бастап, Выставочная көшесінің тұсындағы қаланың шетіне дейінгі оң жағалауының учаскелеріндегі су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін белгілеу» жобасына сәйкес және жер үсті суларының ластануын, қоқысталуын және сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтау үшін су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес жағдайда ұстау мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1.
Белгіленсін:
1 1)
осы қаулының қосымшасына сәйкес Өскемен қаласындағы Ертіс өзенінің: Өскемен гидроэлектрстанциясынан бастап, Ертіс өзеніндегі теміржол көпіріне дейінгі сол жағалауы; Пограничная көшесінің тұсындағы Ертіс өзеніндегі автомобиль көпірінен бастап, Выставочная көшесінің тұсындағы қаланың шетіне дейінгі оң жағалауының учаскелеріндегі су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері;
2 2)
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Өскемен қаласындағы Ертіс өзенінің: Өскемен гидроэлектрстанциясынан бастап, Ертіс өзеніндегі теміржол көпіріне дейінгі сол жағалауы; Пограничная көшесінің тұсындағы Ертіс өзеніндегі автомобиль көпірінен бастап, Выставочная көшесінің тұсындағы қаланың шетіне дейінгі оң жағалауының учаскелеріндегі су қорғау аймағының аумағын шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі мен су қорғау белдеуінің аумағында шектеулі шаруашылық қызмет жүргізу режимі.
2 2.
Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (В.Е. Чернецкий) «Өскемен қаласындағы Ертіс өзенінің: Өскемен гидроэлектрстанциясынан бастап, Ертіс өзеніндегі теміржол көпіріне дейінгі сол жағалауы; Пограничная көшесінің тұсындағы Ертіс өзеніндегі автомобиль көпірінен бастап, Выставочная көшесінің тұсындағы қаланың шетіне дейінгі оң жағалауының учаскелеріндегі су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін белгілеу» жобасын заңнамамен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Өскемен қаласының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу үшін және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін, арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға тапсырсын.
3 3.
Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Г.В. Пинчукке жүктелсін.
4 4.
Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Өскемен қаласындағы Ертіс өзенінің: Өскемен суэлектрстанциясынан бастап Ертіс өзені арқылы өтетін теміржол көпіріне дейінгі сол жағалауының; Пограничная көшесінің тұсындағы Ертіс өзені арқылы өтетін автомобиль көпірінен бастап Выставочная көшесінің тұсындағы қаланың шетіне дейінгі оң жағалауы учаскелеріндегі су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2009 жылғы 3 маусымдағы
№ 89 қаулысына
қосымша
Өскемен қаласындағы Ертіс өзенінің: Өскемен суэлектрстанциясынан бастап Ертіс өзені арқылы өтетін теміржол көпіріне дейінгі сол жағалауының; Пограничная көшесінің тұсындағы Ертіс өзені арқылы өтетін автомобиль көпірінен бастап Выставочная көшесінің тұсындағы қаланың шетіне дейінгі оң жағалауы учаскелеріндегі су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі
№
р/с
Су объектісі, оның учаскесі
Су қорғау аймағы
Су қорғау белдеуі
Шекарасының ұзындығы, шақы рым
Алаңы, га
Орташа ені, метр
Шекарасының ұзындығы, шақырым
Алаңы, га
Орташа ені, метр
1
Өскемен қаласындағы Өскемен суэлектрстан циясынан бастап Ертіс өзені арқылы өтетін теміржол көпіріне дейінгі сол жағалау учаскесіндегі Ертіс өзені
10,80
616,45
280-850
10,23
135,2
20-340
2
Өскемен қаласындағы Пограничная көшесінің тұсындағы Ертіс өзені арқылы өтетін автомобиль көпірінен бастап Выставочная көшесінің тұсындағы қаланың шетіне дейінгі оң жағалау учаскесіндегі Ертіс өзені
7,70
749,62
350-1770
14,22
200,56
15-360
Ескертпе:
Су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені «Өскемен қаласындағы Ертіс өзенінің: Өскемен суэлектрстанциясынан бастап Ертіс өзені арқылы өтетін теміржол көпіріне дейінгі сол жағалауының; Пограничная көшесінің тұсындағы Ертіс өзені арқылы өтетін автомобиль көпірінен бастап Выставочная көшесінің тұсындағы қаланың шетіне дейінгі оң жағалауы учаскелеріндегі су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін белгілеу» және «Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласындағы «Кенді емес материалдар комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің келісім–шарт аумағында Ертіс өзенінің белгіленген су қорғау аймағы мен белдеуінің шекараларын түзету» бекітілген жобаларының картографиялық материалдарында көрсетілген.