Құжат мәтініне өту

Ұлытау ауданының түлектеріне арналған Жастар практикасын ұйымдастыру туралы

Қаулы · № 09/05 · қабылданған 29.05.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 31.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-46763/on/2026-08-31/
Басып шығарылды 2026-08-31 · adilet.kz
Ұлытау ауданының түлектеріне арналған Жастар практикасын ұйымдастыру туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 09/05 ·29.05.2009
29.10.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
31.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Ұлытау ауданының түлектеріне арналған Жастар практикасын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 09/05 · 31.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Ұлытау ауданының түлектеріне арналған Жастар практикасын ұйымдастыру туралы
Атауы (қаз.)
Ұлытау ауданының түлектеріне арналған Жастар практикасын ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
09/05
Қабылданған күні
29.05.2009
Көрсетілген редакция
29.10.2024 · қолданыстағы 46763_727986.kaz
Соңғы өзгеріс
29.10.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09KP000045
ЭКБ идентификаторы
46763
Редакция идентификаторы
46763_727986
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:00

0 Ұлытау ауданының түлектеріне арналған Жастар практикасын ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 13 тармақшасын, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабы 6 тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қаулысына сәйкес жоғарғы оқу орындарының, колледждердің және кәсіби лицейлердің түлектерін (жұмыссыз азаматтарды) жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіндігін ұлғайту және олардың тәжірибе алуын, білімін жетілдіруді қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Уәкілетті орган – "Ұлытау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (одан әрі – жұмыспен қамту бөлімі):

1 1) жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыздар ретінде тіркелген жоғарғы оқу орындарының, колледждердің және кәсіби лицейлердің түлектері арасында Жастар практикасын жүргізу жұмыстарын ұйымдастырсын;

2 2) жұмыссыз жастарға арналған дипломнан кейінгі кәсіби тәжірибені ұйымдастыруға жұмыс берушілермен келісім-шарт жасау міндеттелсін;

3 3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 Қаулысына сәйкес Жастар практикасына қатысушылардың еңбекақысын қарастыру жүктелсін.

2 2. Жастар практикасына қабылданған тұлғалардың айлық жалақысының мөлшері республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен 15000 (он бес мың) теңге көлемінде белгіленсін.

3 3. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ә.Т. Әбдікеровке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы