Об организации профессиональной последипломной практики для безработной молодежи города Шахтинска
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации профессиональной последипломной практики для безработной молодежи города Шахтинска
- Атауы (қаз.)
- Шахтинск қаласының жұмыссыз жастары үшін дипломнан кейінгі кәсіптік тәжірибені ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 8/17
- Қабылданған күні
- 28.05.2009
- Көрсетілген редакция
- 04.04.2014 46777_180154.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.04.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09KH000070
- ЭКБ идентификаторы
- 46777
- Редакция идентификаторы
- 46777_180154
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:00
0 Шахтинск қаласының жұмыссыз жастары үшін дипломнан кейінгі кәсіптік тәжірибені ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
📌 Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Шахтинск қаласы әкімдігінің 2010.04.19 N 7/12 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
1. "Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" (одан әрі - Жұмыспен қамту бөлімі) мемлекеттік мекемесі:
1
1) орта және жоғары кәсіптік білім беру мекемелерін бітірген (одан әрі - кәсіптік оқу орындары) Жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрған жұмыссыз жастар арасында Жастар тәжірибесін өткізу, мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу үшін жағдайлар жасау, жұмысқа орналастыруға жағдай жасау және еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырсын;