Құжат мәтініне өту

Об организации профессиональной практики для дипломированной безработной молодежи города Сатпаев

Қаулы · № 14/09 · қабылданған 17.06.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-46778/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об организации профессиональной практики для дипломированной безработной молодежи города Сатпаев Күшін жойған Қаулы ·№ 14/09 ·17.06.2009
30.12.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации профессиональной практики для дипломированной безработной молодежи города Сатпаев

Күшін жойған Қаулы ·№ 14/09 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации профессиональной практики для дипломированной безработной молодежи города Сатпаев
Атауы (қаз.)
Сәтбаев қаласының дипломды жұмыссыз жастары үшін кәсіптік практика ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
14/09
Қабылданған күні
17.06.2009
Көрсетілген редакция
30.12.2011 46778_180162.kaz
Соңғы өзгеріс
30.12.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09KF000084
ЭКБ идентификаторы
46778
Редакция идентификаторы
46778_180162
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:55

0 Сәтбаев қаласының дипломды жұмыссыз жастары үшін кәсіптік практика ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 2009 жылдың 6 наурызындағы N 264 қаулысына сәйкес жұмыссыз азаматтар – орта және жоғары кәсіптік білім оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру және олардың еңбек тәжірибесін, білімдері мен дағдысын жинақтау мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. "Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) заңда белгіленген тәртіппен жұмыссыз ретінде тіркелген орта және жоғары кәсіптік білім оқу орындарын (бұдан әрі – кәсіптік оқу орындары) бітірген және алған мамандықтары бойынша жұмыс тәжірибелері жоқ жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру жөнінде жұмыстар ұйымдастырсын (бұдан әрі – жастар практикасы).

2 2. Жастар практикасы алты ай мерзімге ұйымдастырылады.

3

3. Жастар практикасы бойынша іс-шараларды қаржыландыру "Жұмыспен қамту бағдарламасы" 002 бағдарламасының "Республикалық бюджеттен түсетін ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен әлеуметтік жұмыс орындарының және жастар практикасының бағдарламасын кеңейту" 103 кіші бағдарламасы бойынша қарастырылған бюджет қаражаты есебінен жүргізілсін.

4 4. Жастар практикасына жолданған жұмыссыздардың орташа айлық жалақысы 15 000 (он бес мың) теңге көлемінде белгіленсін.

5 5. Жастар практикасын ұйымдастыруды уәкілетті орган кәсіптік оқу орындарының түлектеріне уақытша жұмыс орындарын беруге ерік білдірген жұмыс берушімен шарт жасасу негізінде жүзеге асырады.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары М.С. Мәдиеваға жүктелсін.

7 7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы