О некоторых вопросах республиканского государственного казенного предприятия «Южно-Казахстанская государственная медицинская академия» Министерства здравоохранения Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах республиканского государственного казенного предприятия «Южно-Казахстанская государственная медицинская академия» Министерства здравоохранения Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1037
- Қабылданған күні
- 08.07.2009
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2015 AI46787_8.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P090001037_
- ЭКБ идентификаторы
- 46787
- Редакция идентификаторы
- AI46787_8
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:49
0 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы" (бұдан әрі - Академия) республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.
2 2. Мыналар:
1 1) кәсіпорын қызметінің негізгі мәні денсаулық сақтау және білім беру саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру;
2 2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге енгізсін;
2 2) кәсіпорынды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
4 4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, Әділет, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Қаржы және Сыртқы істер министрліктерімен бірлесіп, Қожа Ахмед Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті (бұдан әрі - ХҚТУ) қызметінің шарттары туралы Түрік Республикасымен үкіметаралық келісімнің жобасын әзірлеу жөнінде жұмыс тобын құрсын;
2 2) Академия студенттерін оқытуды аяқтау мақсатында ХҚТУ-ға "Педиатрия" және "Стоматология" мамандықтары бойынша білім беру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиялар беру мәселесін қарасын;
3 3) медициналық мамандықтар бойынша босайтын білім беру гранттары есебінен қолданыстағы заңнамада белгіленген өлшемдерге сәйкес келетін ХҚТУ-ға және Қазақстан Республикасының басқа да жоғары оқу орындарына ауыстырылатын Академия студенттеріне білім беру гранттарын беруді қамтамасыз етсін.
5 5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, Білім және ғылым министрліктері осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
6 6. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
7 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 8 шілдедегі
N 1037 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар