Об установлении ограничений хозяйственной деятельности собственников земельных участков и землепользователей на территории государственных природных заказников Костанайской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ограничений хозяйственной деятельности собственников земельных участков и землепользователей на территории государственных природных заказников Костанайской области
- Атауы (қаз.)
- Қостанай облысының мемлекеттік табиғи қаумалдары аумағындағы жер учаскесі иелерінің және жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметіне шектеу қою туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 236
- Қабылданған күні
- 23.06.2009
- Көрсетілген редакция
- 05.10.2017 46794_248610.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.10.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09N0003683
- ЭКБ идентификаторы
- 46794
- Редакция идентификаторы
- 46794_248610
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:53
0 Қостанай облысының мемлекеттік табиғи қаумалдары аумағындағы жер
учаскесі иелерінің және жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметіне шектеу қою туралы
2006 жылғы 7 шілдедегі № 175 "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, 68-бабының 1-тармағына, 69-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Жарсор-Орқаш, Михайловка, Сарықопа, Тауынсор мемлекеттік табиғи қаумалдар аумағындағы жер учаскелері иелерінің және жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметіне шектеулер қойылсын:
1 1) жабайы жануарлардың өліміне жол бермеу үшін ауылшаруашылық машиналар пышақтары секцияларының алдына шошытуға лайықты құралдар бекіту;
2 2) тыңайтқыштарды қолдану кезінде олардың мөлшерлемесін қатаң түрде сақтау, тыңайтқыштарды егістіктің жиектерінде ұқыпсыз сақтауға жол бермеу;
3 3) пішен орудың мерзімін 1 шілдеден бастау;
4 4) топыраққа ауылшаруашылық дақылдардың уланған тұқымдарын қажетті тереңдікте жақсылап егу және ауылшаруашылық техникасына май құю кезінде жердің бетіне уланған тұқымдардың шашылуына жол бермеу;
5 5) пішен ору және ауылшаруашылық дақылдарын жинау кезінде жабайы жануарлардың жаппай өлу жағдайларын болдырмайтын тәсілдерді қолдану.
2 2. Жарсор-Орқаш, Михайловка, Сарықопа, Тауынсор мемлекеттік табиғи қаумалдар аумағында мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін сақтауға қатер төндірсе немесе оларды молықтыруды нашарлатып жіберетін кез-келген қызметке жол берілмесін, оның ішінде:
1 1) аңшылықты;
2 2) ұяларды, індерді, апандарды және басқа да мекендеу орындарын бүлдіруге;
3 3) балықтан басқа хайуандарды, кез келген тәсілдермен және құралдармен олжалауға;
4 4) өсімдіктер мен жануарлардың бөтен түрлерін жерсіндіруді;
5 5) жұмыртқа жинауды;
6 6) орман алаңдарында, алаңқай жерлерде, шабындықтарда, жайылымдарда шөптерді, бұталарды және аңыздарды өртеу, басқаруында қаумал орналасқан органның келісімі бойынша басқарылатын жасытудан басқа;
7 7) суырлар және басқа да құнды аңдар мен құстар мекен еткен жерлерде жалпы пайдаланудағы жолдардың шетінде механикаландырылған көліктің қозғалысы;
8 8) сәуірден маусымға дейін суда жүзетін құстар мен шалшықшылар ұя салу кезінде өзеннің жағалау учаскелерінде ірі қара мал мен қойларды бағуды;
9 9) сәуірден маусымға дейін суырлар мен басқа да құнды аңдар және құстар мекен еткен жерлерде иттерді байлаусыз ұстауды;
10 10) топырақтың құнарлы қабатының бұзылуы;
11 11) көл жағалауына дейін 4 шақырым жақын қашықтықта шопандарға арналған вагондарды және малдар үшін кардтар орналастыруды;
12 12) көлікті жөндеу, көл айдыны шегінде жанар-жағар май материалдарын тастау;
13 13) Жарсор-Орқаш қаумалы бойынша тырналардың таралу мекеніне кірмейтін егістік жер учаскелерін есептемегенде бақша дақылдарын өсіруге арналған тың даланы жыртуды;
14 14) шопан вагондарын және Жарсор-Орқаш қаумал шекарасынан 1,5-2 шақырым жақын малға орналған кардтарды орналстыруды;
15 15) қыркүйек айында Ақсу көлі мен Жарсор-Орқаш қаумалы бойынша Жарсор көлінің солтүстік және шығыс жағынан батпақты жағалауларын қосатын ауданда тырналар шоғырланған негізгі жерлерде мал жаю;
16 16) тыңайтқыштар мен улы химикаттарды көлдің жаны мен ормандалалы учаскелерде сақтау.
3 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Костанай облыстық орман
және аңшылық шаруашылығы
аумақтық басқармасы"
мемлекеттік мекемесенің
бастығы
__________ М. Бегімбетов
23.06.2009
"Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман және аңшылық шаруашылығы
комитеті Науырзым мемлекеттік
табиғи қорығы" мемлекеттік
мекемесінің директоры
__________________ Б. Муттаков
23.06.2009
"Қазақстан Республикасы
Қоршаған Ортаны қорғау
министрлігі Экологиялық
реттеу және бақылау комитеті
экологиясының Тобыл-Торғай
департаменті" мемлекеттік
мекемесі Қостанай филиалының
бастығы
_________________ А. Кәрімов
23.06.2009
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігінің
Су ресурстары комитеті Су
ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай
бассейндік инспекция" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_________________ Ғ. Оспанбекова
23.06.2009