Об охране нерестующей рыбы на рыбохозяйственных водоемах области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об охране нерестующей рыбы на рыбохозяйственных водоемах области
- Атауы (қаз.)
- Облыстық балық өсiрiлетiн су қоймаларындағы уылдырық шашатын балықты қорғау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 135
- Қабылданған күні
- 19.03.1998
- Көрсетілген редакция
- 19.03.1998 468_262225.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.03.1998
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V98U000025_
- ЭКБ идентификаторы
- 468
- Редакция идентификаторы
- 468_262225
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:47
0 Облыстық балық өсiрiлетiн су қоймаларындағы уылдырық шашатын балықты қорғау туралы
Облыстық балық өсiрiлетiн су қоймаларындағы уылдырық шашатын балықты қорғау мақсатында:
1. Оңтүстiк Қазақстан облыстық жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекциясы, облыстық экология және биоресурстар басқармасы, облыстық iшкi iстер басқармасы /келiсiмi бойынша/ мынадай облыстың балық шаруашылығы су айдындарында уылдырық шашатын балықтарды қорғауды ұйымдастырсын:
- Шардара су қоймасында 1998 жылғы 1 сәуiрден 20 мамырға дейiнгi мерзiмде;
- су қоймасының оң жағалауындағы Амангелдi мүйiсiнен сол жағалаудағы /корей және Киров шығанағы арқылы/ "Лист" жартылай аралынан жағадан тереңге қарай 5 км қашықтықты ала отырып Арнасай шығанағына дейiнгi жерде;
- Сырдария өзенiнiң су қоймаға құяр сағасынан Өзбекстан Республикасымен шекараға дейiнгi қашықтықта;
- Бөген, Бадам, Қапшағай, Қошқорған су қоймаларында, Шошқакөл жүйелерiнде, Сырдария өзенi бойындағы көлдерде, Қызылкөлде 1998 жылдың 15 сәуiрде 31 мамырға дейiнгi мерзiмде.
2. Сарыағаш, Мақтаарал, Ордабасы, Отырар, Созақ, Шардара аудандарының әкiмдерi облыстың су қоймаларында балық шаруашылығындағы уылдырық шашатын ұыймдастыруға, әзiрлеуге және оларды өткiзуге нақты көмек көрсетсiн.
3. Оңтүстiк Қазақстан облыстық жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекциясы Шымкент Балық және Шардара акционерлiк қоғамдары, облыстық аңшылар мен балық аулаушылардың қоғамы, облыстық iшкi iстер басқармасы /келiсiмi бойынша/:
- балықтар уылдырық шашатын жерлерде және негiзгi уылдырық шашатын орындарға тәулiк бойы кезекшiлiктi;
- балық аулауға салынған тыйымды бұзудың алдын алу бағытында рейдтердi;
- бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты уылдырығын шашатын балықтарды қорғау жөнiндегi жұмыстардың барысы туралы ұдайы хабардар етiп отыруды ұйымдастырсын.