О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1824
- Қабылданған күні
- 02.12.1999
- Көрсетілген редакция
- 05.08.2013 AI4680_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.08.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P990001824_
- ЭКБ идентификаторы
- 4680
- Редакция идентификаторы
- AI4680_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:48
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының құрылымын жетiлдiру және олардың құзыретiн нақтылау жөнiндегi шаралар туралы" 1999 жылғы 13 қазандағы N 235 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1 1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1 1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
2 2) "Республикалық оқу-тәрбиелiк орталығы" республикалық қазыналық кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 15 сәуiрдегi N 413 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж.,N 13, 126-құжат):
қаулының атауындағы "Республикалық оқу-тәрбие орталығы" деген сөздер "Бөбек" республикалық оқу-сауықтыру орталығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "Республикалық оқу-тәрбие орталығы" деген сөздер "Бөбек" республикалық оқу-сауықтыру орталығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
3 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
3 "3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi нысанасы әлсiз, ауру балаларды, сондай-ақ экологиялық қолайсыз аймақтардың, әл-ауқаты төмен және көп балалы отбасыларының балаларын, балалар үйлерiндегi жетiм балаларды тәрбиелеу оқыту және сауықтыру болып айқындалсын";
6-тармақта:
екiншi абзацтағы "Республикалық оқу-тәрбие орталығы" деген сөздер "Бөбек" республикалық оқу-сауықтыру орталығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Кәсiпорынды қаржыландыру республикалық бюджеттен және заңдармен тиым салынбаған басқа да көздерден жүзеге асырылады".
3 3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1111 қаулысымен .
📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.