Құжат мәтініне өту

Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы водных объектов в пределах села Урджар Урджарского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования

Қаулы · № 93 · қабылданған 09.06.2009
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-46800/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы водных объектов в пределах села Урджар Урджарского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования Қолданыста Қаулы ·№ 93 ·09.06.2009
22.12.2016 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы водных объектов в пределах села Урджар Урджарского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования

Қолданыста Қаулы ·№ 93 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы водных объектов в пределах села Урджар Урджарского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования
Атауы (қаз.)
Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Үржар ауылының шегіндегі су объектілерінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
93
Қабылданған күні
09.06.2009
Көрсетілген редакция
22.12.2016 46800_165709.kaz
Соңғы өзгеріс
22.12.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09V0002505
ЭКБ идентификаторы
46800
Редакция идентификаторы
46800_165709
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:57

0 Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Үржар ауылының шегіндегі су объектілерінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, «Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Үржар ауылының шегіндегі су объектілерінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекараларын анықтау (қолданыстағы және болашақтағы шекараларда)» жобасына сәйкес және жер үсті суларының ластануын, қоқысталуын және сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтау үшін су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес жағдайда ұстау мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Белгіленсін:

1 1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Үржар ауылының шегіндегі су объектілерінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;

2 2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Үржар ауылының шегіндегі су объектілерінің су қорғау аймағының аумағын шаруашылыққа пайдалану арнайы режимі мен су қорғау белдеуінің аумағында шектеулі шаруашылық қызмет жүргізу режимі.

2

2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (В.Е. Чернецкий) «Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Үржар ауылының шегіндегі су объектілерінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекараларын анықтау (қолданыстағы және болашақтағы шекараларда)» жобасын заңнамамен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Үржар ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу үшін және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға тапсырсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Г.В. Пинчукке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілді:
Су ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөніндегі
Балқаш-Алакөл бассейндік
инспекциясының бастығы
А. Тілеулесова
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігі Мемлекеттік санитарлық -
эпидемиологиялық қадағалау комитетінің
Шығыс Қазақстан облысы бойынша
департаментінің директоры
Т. Ерубаев

7 Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Үржар ауылының шегіндегі су объектілерінің су қорғау аймағы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2009 жылғы 9 маусымдағы № 93
қаулысына қосымша
Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Үржар ауылының
шегіндегі су объектілерінің су қорғау аймағы

р/ с
Су объектісі, оның учаскесі
Су қорғау аймағы
Шекарасының
ұзындығы,
(шақырым)
Алаңы,
(гектар)
Орташа
ені,
(метр)
1
Ақтас өзені мен Үржар
ауылының шекарасынан бастап, Шошқалы өзеніне құятын жерге дейінгі аты жоқ бұлақ;
Үржар ауылының шекарасындағы
Шошқалы өзені;
Үржар ауылының шекарасынан
бастап, Шошқалы өзеніне
құятын жерге дейінгі Құлықсай өзені;
Үржар ауылының шекарасынан
бастап, Шошқалы өзеніне
құятын жерге дейінгі
Құлмантұма өзені;
Үржар ауылының шекарасынан
бастап, Құлмантұма өзеніне
құятын жерге дейінгі
Кішкенетау өзені
31
1 826
300-700
Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Үржар ауылының
шегіндегі су объектілерінің су қорғау белдеуі
№ р/с
Су объектісі, оның учаскесі
Су қорғау белдеуі
Шекарасының
ұзындығы,
(шақырым)
Алаңы,
(гектар)
Орташа
ені,
(метр)
1
Ақтас өзені мен Үржар ауылының шекарасынан бастап, Шошқалы өзеніне құятын жерге дейінгі аты жоқ бұлақ
14
71,8
20-80
2
Үржар ауылының шекарасындағы
Шошқалы өзені
14,6
90,8
20-120
3
Үржар ауылының шекарасынан
бастап, Шошқалы өзеніне құятын жерге дейінгі Құлықсай өзені
2
11,5
20-70
4
Үржар ауылының шекарасынан
бастап, Шошқалы өзеніне құятын жерге дейінгі Құлмантұма өзені
9,95
34,1
20-160
5
Үржар ауылының шекарасынан
бастап, Құлмантұма өзеніне
құятын жерге дейінгі
Кішкенетау өзені
10,4
28,8
20-120
Ескертпе: су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені «Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Үржар ауылының шегіндегі су объектілерінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекараларын анықтау (қолданыстағы және болашақтағы шекараларда)» жобасының картографиялық материалдарында көрсетілген.
Шығыс Қазақстан облысы табиғи
ресурстар және табиғат пайдалануды
реттеу басқармасының бастығы
В. Чернецкий

Қолданыстағы