Құжат мәтініне өту

Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы озера Алаколь (восточное побережье) и впадающих в него водных объектов Урджарского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования

Қаулы · № 92 · қабылданған 09.06.2009
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-46801/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы озера Алаколь (восточное побережье) и впадающих в него водных объектов Урджарского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования Қолданыста Қаулы ·№ 92 ·09.06.2009
21.04.2021 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.04.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы озера Алаколь (восточное побережье) и впадающих в него водных объектов Урджарского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования

Қолданыста Қаулы ·№ 92 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы озера Алаколь (восточное побережье) и впадающих в него водных объектов Урджарского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования
Атауы (қаз.)
Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Алакөл көлінің (шығыс жағалауы) және оған құятын су объектілерінің қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
92
Қабылданған күні
09.06.2009
Көрсетілген редакция
21.04.2021 46801_526580.kaz
Соңғы өзгеріс
21.04.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09V0002506
ЭКБ идентификаторы
46801
Редакция идентификаторы
46801_526580
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:57

0 Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Алакөл көлінің (шығыс жағалауы) және оған құятын су объектілерінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына,«Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Алакөл көлінің (шығыс жағалауы) және оған құятын су объектілерінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекараларын анықтау» жобасына сәйкес және жер үсті суларының ластануын, қоқысталуын және сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтау үшін су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес жағдайда ұстау мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Белгіленсін:

1 1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Алакөл көлінің (шығыс жағалауы) және оған құятын су объектілерінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;

2

2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы Алакөл көлі (шығыс жағалауы) және оған құятын су объектілерінің су қорғау аймағының аумағын шаруашылыққа пайдалану арнайы режимі мен су қорғау белдеуінің аумағында шектеулі шаруашылық қызмет жүргізу режимі.

2

2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (В.Е.Чернецкий) «Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Алакөл көлінің (шығыс жағалауы) және оған құятын су объектілерінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекараларын анықтау» жобасын заңнамамен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Үржар ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу үшін және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға тапсырсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Г.В. Пинчукке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілді:
Су ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл
бассейндік инспекциясының бастығы
А. Тілеулесова
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігі Мемлекеттік санитарлық -
эпидемиологиялық қадағалау комитетінің
Шығыс Қазақстан облысы бойынша
департаментінің директоры
Т. Ерубаев

7 Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Алакөл көлі (шығыс жағалауы) және оған құятын су объектілерінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі

Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2009 жылғы 9 маусымдағы
№ 92 қаулысына қосымша
Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Алакөл көлі (шығыс жағалауы) және оған құятын су объектілерінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі
Су объектісі
Су қорғау аймағы
Су қорғау белдеуі
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
1
2
3
4
5
6
7
Алакөл көлі
(шығыс жағалауы,
су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекарасының су кемері балтикалық жүйесінің 350,9 метр белгісінде алынған)
12,923
477,58
500-595,5
12,923
153,78
100-230
Үйжан бұлағы
8,0
1000,59
500
8,0
94,29
35
Донала бұлағы
6,0
537,44
500
6,0
52,58
35
Жарбұлақ бастауы
5,0
449,41
500
5,0
42,96
35
Атауы жоқ бұлақ
2,70
255,60
500
2,70
19,19
35
2 Жарбұлақ бастауы
5,148
487,09
500
5,148
35,26
35
2 Атауы жоқ бұлақ
1,0
77,91
500
1,0
8,20
35
Ескертпе:
Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген жобалау құжаттамасының картографиялық материалында көрсетілген.

Қолданыстағы