Құжат мәтініне өту

Об утверждении Инструкции о перечне, формах и сроках представления финансовой отчетности отдельными финансовыми организациями

Қаулы · № 49 · қабылданған 25.05.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-46840/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об утверждении Инструкции о перечне, формах и сроках представления финансовой отчетности отдельными финансовыми организациями Күшін жойған Қаулы ·№ 49 ·25.05.2009
01.07.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Инструкции о перечне, формах и сроках представления финансовой отчетности отдельными финансовыми организациями

Күшін жойған Қаулы ·№ 49 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Инструкции о перечне, формах и сроках представления финансовой отчетности отдельными финансовыми организациями
Атауы (қаз.)
Жекелеген қаржы ұйымдарының қаржылық есептілік тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
49
Қабылданған күні
25.05.2009
Көрсетілген редакция
01.07.2011 AI46840_5.kaz
Соңғы өзгеріс
01.07.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V090005715_
ЭКБ идентификаторы
46840
Редакция идентификаторы
AI46840_5
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:01

0 Жекелеген қаржы ұйымдарының қаржылық есептілік тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Жекелеген қаржы ұйымдарының қаржылық есептілік ұсыну тәртібін оңтайландыру және нысандарын бірегейлендіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1 1. Қоса беріліп отырған Жекелеген қаржы ұйымдарының қаржылық есептілік тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулық бекітілсін.

2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

3 3. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

4 4. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):

1 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;

2

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігіне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау жөніндегі агенттігі
Төрайымы _______ Бахмутова Е.Л.
2009 жылғы 5 маусым

8 Қазақстан Республикасының күші жойылды деп танылатын нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2009 жылғы 25 мамырдағы
N 49 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының күші жойылды деп танылатын нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

1 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ипотекалық ұйымдардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 508 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2138 тіркелген).

2

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 509 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2142 тіркелген).

3

3. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 509 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2003 жылғы 29 мамырдағы N 180 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2371 тіркелген).

4

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 509 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 417 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2637 тіркелген).

5

5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармаларының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 508 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 23 ақпандағы N 20 және 2004 жылғы 23 ақпандағы N 61 бірлескен қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2794 тіркелген).

6 6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқарушылардың жылдық қаржылық есеп беру тәртібі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы" 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 168 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3365 тіркелген).

7

7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқарушылардың тоқсан сайын қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы " 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 169 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3374 тіркелген).

8

8. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жылдық қаржылық есеп беру тәртібі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы" 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 170 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3380 тіркелген).

9

9. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тоқсан сайын қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 171 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3388 тіркелген).

10

10. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың жылдық қаржылық есеп беру тәртібі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы" 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 172 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3366 тіркелген).

11

11. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың ай сайын қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 173 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3381 тіркелген).

12

12. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жылдық қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 176 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3379 тіркелген).

13

13. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жылдық қаржылық есеп беру тәртібі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы" 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 177 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3364 тіркелген).

14

14. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 178 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3373 тіркелген).

15

15. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 508 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 179 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3390 тіркелген).

16

16. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 509 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 180 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3385 тіркелген).

17

17. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 508 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2006 жылғы 12 тамыздағы N 79 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4382 тіркелген).

18

18. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 509 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 12 тамыздағы N 80 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4371 тіркелген).

19

19. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті электрондық тасымалдауыштарда ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 19 наурыздағы N 27 қаулысына қосымшаның 1, 2, 3, 5 -тармақтары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4640 тіркелген).

20

20. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына қаржылық есептілік нысандары бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 44 қаулысына қосымшаның 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11-тармақтары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4702 тіркелген).

21

21. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына ипотекалық ұйымдардың, арнайы қаржы компанияларының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есептілік нысандары бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 20 шілдедегі N 84 қаулысының 1 және 2-тармақтары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4905 тіркелген).

22

22. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 509 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы" 2008 жылғы 22 тамыздағы N 69 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 26 қыркүйекте N 5314 тіркелген).

23

23. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есептілікті ұсыну нысандары бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу" 2008 жылғы 22 тамыздағы N 70 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5312 тіркелген).

32 Жекелеген қаржы ұйымдарының қаржылық есептілік тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулық

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2009 жылғы 25 мамырдағы
N 49 қаулысымен бекітілген
Жекелеген қаржы ұйымдарының қаржылық есептілік тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулық

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Нұсқаулық "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, инвестициялық портфельді басқарушылардың, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – жекелеген қаржы ұйымдары) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) қаржылық есептілік тізбесін, нысандарын және ұсыну мерзімдерін белгілейді.

2 2-тарау. Қаржылық есептілікті ұсыну

2 2. Жылдық қаржылық есептілікті жекелеген қаржы ұйымдары халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес өздері дербес әзірлеген нысандар бойынша жасайды және оған мыналар кіреді:

1 1) бухгалтерлік баланс;

2 2) пайдалар мен зияндар туралы есеп;

3 3) ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;

4 4) капиталдағы өзгерістер туралы есеп;

5 5) түсіндірме жазба.

3

3. Ұлттық Банктің лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдарды және қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, еншілес ұйымдары жоқ жекелеген қаржы ұйымдары уәкілетті органға аудиторлық ұйым растаған шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілікті жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімде ұсынады.
Ұлттық Банктің лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, еншілес ұйымдары бар жекелеген қаржы ұйымдары уәкілетті органға шоғырландырылмаған және шоғырландырылған жылдық қаржылық есептіліктерді жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімде ұсынады.
Шоғырландырылмаған және сол сияқты шоғырландырылған жылдық қаржылық есептіліктерді ұсынатын жекелеген қаржы ұйымдарына аудиторлық ұйымның растауы тек шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілік үшін ғана талап етіледі.

3-1

3-1. Еншілес ұйымдары жоқ, Ұлттық Банктің лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар және қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалар Ұлттық Банкке аудиторлық ұйымның растауы талап етілмейтін шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілікті жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімде ұсынады.
Еншілес ұйымдары бар, Ұлттық Банктің лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар Ұлттық Банкке шоғырландырылмаған және шоғырландырылған жылдық қаржылық есептіліктерді жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімде ұсынады.
Ұлттық Банктің лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын, банк және (немесе) банктік холдинг оларда ірі қатысушылар болып табылатын ұйымдар Ұлттық Банкке аудиторлық ұйым растаған жылдық қаржылық есептілікті ұсынады.

4 4. Жекелеген қаржы ұйымдарының уәкілетті органға ай сайынғы және тоқсан сайынғы негізде ұсынылуға тиісті қаржылық есептілігіне мыналар кіреді:

1 1) бухгалтерлік баланс – N 1 нысан (осы Нұсқаулыққа 1-қосымша );

2 2) пайда және зиян туралы есеп – N 2 нысан (осы Нұсқаулыққа 2-қосымша ).

Пайда және зиян туралы есепті – N 2 нысанды Ұлттық почта операторы осы Нұсқаулыққа 3-қосымшада белгіленген нысан бойынша ұсынады.

5

5. Жекелеген қаржы ұйымдары (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарды, бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) уәкілетті органға тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана уақытымен сағат 18-ден кешіктірмей N 1 нысан және N 2 нысан бойынша тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті ұсынады.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар уәкілетті органға ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана уақытымен сағат 18-ден кешіктірмей N 1 нысан және N 2 нысан бойынша ай сайынғы қаржылық есептілікті ұсынады.
Бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар уәкілетті органға осы Нұсқаулықтың 2 және 3-тармақтарының талаптарына сәйкес тек жылдық қаржылық есептілікті ұсынады.
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (Ұлттық почта операторын, Ұлттық Банктің лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдарды және қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда) уәкілетті органға тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың он сегізінен кешіктірмей N 1 нысан және N 2 нысан бойынша тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті ұсынады.
Ұлттық почта операторы уәкілетті органға ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей N 1 нысан және N 2 нысан бойынша ай сайынғы қаржылық есептілікті ұсынады.
Ұлттық Банктің лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар және қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалар ай сайынғы және тоқсан сайынғы қаржылық есептіліктерді ұсынбайды.

6 6. Қаржылық есептіліктегі деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – Қазақстан теңгесімен көрсетіледі.

7 7. Қаржылық есептілікті жасау кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі мың Қазақстан теңгесімен белгіленеді. Бес жүз Қазақстан теңгесінен кем сома қаржылық есептілікте нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз Қазақстан теңгесіне тең және жоғары сома мың Қазақстан теңгесіне дейін дөңгелектенеді.

8

8. Жекелеген қаржы ұйымдары ай сайынғы және тоқсан сайынғы қаржылық есептіліктерін уәкілетті органға ұсынылатын деректердің конфиденциалдылығын және түзетілмеуін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғаныш құралдары бар ақпаратты кепілді жеткізудің тасымалдау жүйесін пайдалана отырып электрондық тасымалдауыштармен ұсынады.
Жекелеген қаржы ұйымдары жылдық қаржылық есептілігін уәкілетті органға қағаз және электрондық тасымалдауыштармен ұсынады.

8-1

8-1. Ұлттық Банктің лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар және қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалар жылдық қаржылық есептілігін қағаз тасымалдауышпен орналасқан жері бойынша Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарына, ал Алматы қаласында орналасқан ұйымдар Ұлттық Банктің орталық аппаратына ұсынады.

9

9. Қағазға басып шығарылған қаржылық есептілікке бірінші басшы немесе оның орнындағы тұлға және бас бухгалтер қол қояды, мөрмен куәландырылады және жекелеген қаржы ұйымында сақталады. Уәкілетті органның талап етуі бойынша жекелеген қаржы ұйымы жазбаша сұратуды алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей қағазға басып шығарылған, түзетулері және өшірілгені жоқ қаржылық есептілікті ұсынады.

10

10. Электрондық тасымалдауышта ұсынылған қаржылық есептілік қағазға басып шығарылған қаржылық есептілікке сәйкес келуі тиіс. Электрондық тасымалдауышта ұсынылған деректердің қағазға басып шығарылған нұсқадағы деректермен бірдейлігін жекелеген қаржы ұйымының бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға қамтамасыз етеді.

11

11. Жекелеген қаржы ұйымы ұсынған қаржылық есептілікте толық емес ақпарат немесе қателер табылған жағдайда, сондай-ақ электрондық тасымалдауышпен ұсынылған жылдық қаржылық есептілік оқылмаған жағдайда, уәкілетті орган немесе Ұлттық Банк бұл туралы жекелеген қаржы ұйымына хабарлайды. Жекелеген қаржы ұйымы хабарламаны алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей ескертулер ескеріле отырып пысықталған қаржылық есептілікті ұсынады.

12 12. Қаржылық есептілікті уақтылы ұсынбау, ұсынбау немесе қаржылық есептілікте шынайы емес мәліметтер ұсыну Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

3 3-тарау. Қорытынды ережелер

13 13. Осы Нұсқаулықта реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасында белгіленген тәртіпте шешіледі.

58 ________________________________________________________________ (ұйымның толық атауы) 20___ жылғы "___" ____________ жағдай бойынша бухгалтерлік балансы

Жекелеген қаржы ұйымдарының
қаржылық есептілік тізбесі,
нысандары және ұсыну мерзімдері
туралы нұсқаулыққа 1-қосымша
N 1 нысан
________________________________________________________________
(ұйымның толық атауы)
20___ жылғы "___" ____________ жағдай бойынша
бухгалтерлік балансы
Бап­тың ата­уы
Жол ко­ды
есеп­ті ке­зең­нің ая­ғын­да
өт­кен жыл­дың ая­ғын­да
1
2
3
4
Ак­тив­тер
Ақ­ша қа­ра­жа­ты және ақ­ша қа­ра­жа­ты ба­ла­ма­ла­ры
1
Та­зар­ты­л­ған қым­бат ме­тал­дар
2
Әділ құн бой­ын­ша пай­да және зи­ян ар­қы­лы есеп­ке алын­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар
3
Туын­ды құ­рал­дар
4
Са­ту­ға ар­нал­ған қол­да бар ба­ға­лы қа­ға­з­дар (құн­сызда­ну­ға ар­нал­ған ре­зерв­тер­ді ше­гер­ген­де)
5
Де­би­тор­лық бе­ре­шек
6
Ко­мис­си­я­лық сый­а­қы­лар
7
оның ішін­де:
зей­не­та­қы ак­тив­те­рі­нен
зей­не­та­қы ак­тив­те­рі бой­ын­ша ин­ве­сти­ци­я­лық кі­рі­стен/зи­ян­нан
Өте­у­ге дей­ін ұста­ла­тын ба­ға­лы қа­ға­з­дар (құн­сызда­ну­ға ар­нал­ған ре­зерв­тер­ді ше­гер­ген­де)
8
"Ке­рі РЕ­ПО" опе­ра­ци­я­сы
9
Ор­на­ла­сты­ры­л­ған са­лым­дар (құн­сызда­ну­ға ар­нал­ған ре­зерв­тер­ді ше­гер­ген­де)
10
Бе­рі­л­ген қар­жы­лық жал­дау (құн­сызда­ну­ға ар­нал­ған ре­зерв­тер­ді ше­гер­ген­де)
11
Бе­рі­л­ген за­ем­дар (құн­сызда­ну­ға ар­нал­ған ре­зерв­тер­ді ше­гер­ген­де)
12
Ин­ве­сти­ци­я­лық мү­лік
13
Бас­қа заң­ды тұ­лға­лар­дың ка­пи­та­лы­на ин­ве­сти­ци­я­лар және рет­тел­ген бо­рыш
14
Қор­лар
15
Са­ту­ға ар­нал­ған ұзақ мер­зім­ді ак­тив­тер (шы­ға­тын топ­тар)
16
Ма­те­ри­ал­дық емес ак­тив­тер (амор­ти­за­ци­я­ны және құн­сызда­ну­дан болған шы­ғын­дар­ды ше­гер­ген­де)
17
Негіз­гі құ­рал-жаб­дық­тар (амор­ти­за­ци­я­ны және құн­сызда­ну­дан болған шы­ғын­дар­ды ше­гер­ген­де)
18
Пай­да­ға са­лық бой­ын­ша ағым­да­ғы ак­тив
19
Кей­ін­ге ше­ге­рі­л­ген са­лық ак­ти­ві
20
Бас­қа ак­тив­тер
21
Ак­тив­тер­дің жиын­тығы
22
Мін­дет­те­ме­лер
Тар­ты­л­ған са­лым­дар
23
Туын­ды құ­рал­дар
24
Шы­ға­ры­л­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар
25
"РЕ­ПО" опе­ра­ци­я­сы
26
Алын­ған за­ем­дар
27
Кре­ди­тор­лық бе­ре­шек
28
Ба­ға­лау ре­зерв­те­рі
29
Ак­ци­я­лар бой­ын­ша ак­ци­о­нер­лер­мен есеп ай­ы­ры­су­лар бой­ын­ша есеп­тел­ген шы­ғы­стар
30
Рет­тел­ген бо­рыш
31
Пай­да­ға са­лық бой­ын­ша ағым­да­ғы мін­дет­те­ме­лер
32
Пай­да­ға са­лық бой­ын­ша кей­ін­ге қал­ды­ры­л­ған мін­дет­те­ме
33
Бас­қа мін­дет­те­ме­лер
34
Мін­дет­те­ме­лер­дің жиын­тығы
35
Мен­шік­ті ка­пи­тал
Жар­ғы­лық ка­пи­тал
36
оның ішін­де:
жай ак­ци­я­лар
ар­тық­шы­лық­ты ак­ци­я­лар
Сый­лы­қа­қы­лар (қо­сым­ша тө­лен­ген ка­пи­тал)
37
Алын­ған ка­пи­тал
38
Ре­зерв­тік ка­пи­тал
39
Бас­қа ре­зерв­тер
40
Бө­лін­бе­ген пай­да (жа­был­ма­ған шы­ғын)
41
оның ішін­де:
өт­кен жыл­дар­да­ғы
есеп­ті ке­зең­де­гі
Аз­шы­лық үле­сі
42
Ка­пи­тал­дың жиын­тығы
43
Ка­пи­тал­дың және мін­дет­те­ме­лер­дің жиын­тығы (36-жол + 44-жол)
44
2-бағанда түсіндірме жазбада көрсетілген баптар бойынша ескертпелердің нөмірлері көрсетіледі.
"Азшылық үлесі" бабы шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасаған кезде толтырылады.
Бірінші басшы   ________________________ күні ________
Бас бухгалтер   ________________________ күні ________
Орындаушы       ________________________ күні ________
Телефон         ________________________
Мөрдің орны

59 ________________________________________________________________ (ұйымның толық атауы) 20___ жылғы "___" ____________ жағдай бойынша пайда мен зиян туралы есебі

Жекелеген қаржы ұйымдарының
қаржылық есептілік тізбесі,
нысандары және ұсыну мерзімдері
туралы нұсқаулыққа 2-қосымша
N 2 нысан
________________________________________________________________
(ұйымның толық атауы)
20___ жылғы "___" ____________ жағдай бойынша
пайда мен зиян туралы есебі
Бап­тың ата­уы
Жол ко­ды
Есеп­ті ке­зең­де
Ағым­да­ғы жыл­дың ба­сы­нан бер­гі ке­зең­де (өспе­лі жиын­тық­пен)
Өт­кен жыл­дың осын­дай есеп­ті ке­зе­ңін­де
Өт­кен жыл­дың ба­сы­нан бер­гі осын­дай ке­зең­де (өспе­лі жиын­тық­пен)
1
2
3
4
5
6
Сый­а­қы алу­мен бай­ла­ны­сты кі­рі­стер
1
оның ішін­де:
кор­ре­спон­дент­тік және ағым­да­ғы шот­тар бой­ын­ша
ор­на­ла­сты­ры­л­ған са­лым­дар бой­ын­ша
бе­рі­л­ген за­ем­дар бой­ын­ша
бе­рі­л­ген қар­жы­лық жал­дау бой­ын­ша
са­тып алын­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар бой­ын­ша
"ке­рі РЕ­ПО" опе­ра­ци­я­ла­ры бой­ын­ша
Сый­а­қы алу­мен бай­ла­ны­сты бас­қа кі­рі­стер
2
Ко­мис­си­я­лық сый­а­қы­лар
3
оның ішін­де:
зей­не­та­қы ак­тив­те­рі­нен
зей­не­та­қы ак­тив­те­рі бой­ын­ша ин­ве­сти­ци­я­лық кі­рі­стен/зи­ян­нан
Сый­а­қы алу­мен бай­ла­ны­сты емес банк­тік және өзге де қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­дан кі­рі­стер
4
оның ішін­де:
ауда­рым опе­ра­ци­я­ла­рын жү­зе­ге асы­ру­дан болған кі­рі­стер
кли­ринг­тік опе­ра­ци­я­лар­ды жү­зе­ге асы­ру­дан болған кі­рі­стер
кас­са­лық опе­ра­ци­я­лар­ды жү­зе­ге асы­ру­дан болған кі­рі­стер
сейф опе­ра­ци­я­ла­рын жү­зе­ге асы­ру­дан болған кі­рі­стер
ин­кас­са­ци­ядан болған кі­рі­стер
Сый­а­қы алу­мен бай­ла­ны­сты емес банк­тік және өзге де қыз­мет­тен болған бас­қа кі­рі­стер
5
Қар­жы ак­тив­те­рі бой­ын­ша кі­рі­стер (шы­ғы­стар) (нет­то)
6
оның ішін­де:
қар­жы ак­тив­те­рін са­тып алу­дан/са­ту­дан болған кі­рі­стер (шы­ғы­стар) (нет­то)
әділ құн бой­ын­ша пай­да және зи­ян ар­қы­лы есеп­ке алын­ған қар­жы ак­тив­те­рі құ­ны­ның өзге­ру­і­нен болған кі­рі­стер (шы­ғы­стар) (нет­то)
Ше­тел ва­лю­та­сын қай­та ба­ға­ла­удан болған кі­рі­стер (шы­ғы­стар) (нет­то)
7
Ди­ви­денд­тер
8
Қа­уым­дас­қан ұй­ым­дар­ға қа­ты­су­мен бай­ла­ны­сты кі­рі­стер
9
Ак­тив­тер­ді са­ту­дан (шы­ға­ру­дан) болған кі­рі­стер
10
Бас­қа кі­рі­стер
11
Кі­рі­стер­дің жиын­тығы (1 – 11 ара­лы­ғын­да­ғы жол­дар со­ма­сы)
12
Сый­а­қы тө­ле­умен бай­ла­ны­сты шы­ғы­стар
13
оның ішін­де:
тар­ты­л­ған са­лым­дар бой­ын­ша
алын­ған за­ем­дар бой­ын­ша
алын­ған қар­жы­лық жал­дау бой­ын­ша
шы­ға­ры­л­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар бой­ын­ша
"РЕ­ПО" опе­ра­ци­я­ла­ры бой­ын­ша
Сый­а­қы тө­ле­умен бай­ла­ны­сты бас­қа шы­ғы­стар
14
Ко­мис­си­я­лық шы­ғы­стар
15
оның ішін­де:
бас­қа­ру­шы агент­ке сый­а­қы
ка­сто­ди­ан­дық қыз­мет көр­се­ту үшін сый­а­қы
Сый­а­қы тө­ле­умен бай­ла­ны­сты емес банк­тік және өзге де қыз­мет бой­ын­ша шы­ғы­стар
16
оның ішін­де:
ауда­рым опе­ра­ци­я­ла­рын жү­зе­ге асы­ру­дан болған шы­ғы­стар
кли­ринг­тік опе­ра­ци­я­лар­ды жү­зе­ге асы­ру­дан болған шы­ғы­стар
кас­са­лық опе­ра­ци­я­лар­ды жү­зе­ге асы­ру­дан болған шы­ғы­стар
сейф опе­ра­ци­я­ла­рын жү­зе­ге асы­ру­дан болған шы­ғы­стар
ин­кас­са­ци­я­ны жү­зе­ге асы­ру­дан болған шы­ғы­стар
Опе­ра­ци­я­лық шы­ғы­стар
17
оның ішін­де:
ең­бек­ке ақы тө­леу және іс­са­пар шы­ғы­ста­ры
амор­ти­за­ци­я­лық ауда­рым­дар
ма­те­ри­ал­дар­ға жа­сал­ған шы­ғы­стар
пай­да­ға са­лы­на­тын са­лық­ты қо­с­па­ған­да, са­лық­тар­ды және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер­ді тө­леу бой­ын­ша шы­ғы­стар
Ак­тив­тер­ді са­ту­дан неме­се өте­у­сіз бе­ру­ден болған шы­ғы­стар
18
Бас­қа шы­ғы­стар
20
Шы­ғы­стар­дың жиын­тығы (13 – 20 ара­лы­ғын­да­ғы жол­дар со­ма­сы)
21
Ре­зерв­тер­ге (про­ви­зи­я­лар­ға) ауда­ры­л­ған­ға дей­ін­гі пай­да (зи­ян)
21-1
Опе­ра­ци­я­лар бой­ын­ша бо­луы ық­ти­мал шы­ғын­дар­ға ар­нал­ған ре­зерв­тер (ре­зерв­тер­ді қал­пы­на кел­ті­ру)
21-2
оның ішін­де но­ми­нал­дық кі­рі­сті­лік­тің көр­сет­кі­ші мен кі­рі­сті­лік­тің ең тө­мен­гі мәні ара­сын­да­ғы ай­ыр­ма­ны өте­у­ге ар­нал­ған
Пай­да­ға са­лық са­лын­ған­ға дей­ін­гі та­за пай­да (шы­ғын), жиын­тығы (12-жол – 21-жол)
22
Пай­да­ға са­лық
23
Пай­да­ға са­лық тө­лен­ген­нен кей­ін­гі та­за пай­да (зи­ян) (22-жол – 23-жол)
24
Тоқ­та­ты­л­ған қыз­мет­тен пай­да (зи­ян)
25
Аз­шы­лық үле­сі
26
Ке­зең­де­гі та­за пай­да (зи­ян), жиын­тығы (24-жол +/– 25-жол – 26-жол)
27
2-бағанда түсіндірме жазбада көрсетілген баптар бойынша ескертпелердің нөмірлері көрсетіледі.
"Азшылық үлесі" бабы шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасаған кезде толтырылады.
Бірінші басшы   ___________________________ күні ________
Бас бухгалтер   ___________________________ күні ________
Орындаушы       ___________________________ күні ________
Телефон         ___________________________
Мөрдің орны

60 ________________________________________________________________ (Ұлттық почта операторының толық атауы) 20___ жылғы "___" ____________ жағдай бойынша пайда мен зиян туралы есебі

Жекелеген қаржы ұйымдарының
қаржылық есептілік тізбесі,
нысандары және ұсыну мерзімдері
туралы нұсқаулыққа 3-қосымша
N 2 нысан
________________________________________________________________
(Ұлттық почта операторының толық атауы)
20___ жылғы "___" ____________ жағдай бойынша
пайда мен зиян туралы есебі
Бап­тың ата­уы
Жол ко­ды
Есеп­ті ке­зең­де
Ағым­да­ғы жыл­дың ба­сы­нан бер­гі ке­зең­де (өспе­лі жиын­тық­пен)
Өт­кен жыл­дың осын­дай есеп­ті ке­зе­ңін­де
Өт­кен жыл­дың ба­сы­нан бер­гі осын­дай ке­зең­де (өспе­лі жиын­тық­пен)
1
2
3
4
5
6
Дай­ын өнім­ді (жұ­мысты, қыз­мет­ті) са­ту­дан болған кі­ріс
1
Са­ты­л­ған дай­ын өнім­нің (жұ­мыстың, қыз­мет­тің) өзін­дік құ­ны
2
оның ішін­де:
ма­те­ри­ал­дар­ға жа­сал­ған шы­ғы­стар
ең­бек­ке ақы тө­леу және іс­са­пар шы­ғы­ста­ры
Жал­пы пай­да (1-жол – 2-жол)
3
Қар­жы­лық қыз­мет­пен бай­ла­ны­сты кі­рі­стер
Сый­а­қы алу­мен бай­ла­ны­сты кі­рі­стер
4
оның ішін­де:
кор­ре­спон­дент­тік және ағым­да­ғы шот­тар бой­ын­ша
ор­на­ла­сты­ры­л­ған са­лым­дар бой­ын­ша
бе­рі­л­ген за­ем­дар бой­ын­ша
бе­рі­л­ген қар­жы­лық жал­дау бой­ын­ша
са­тып алын­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар бой­ын­ша
"ке­рі РЕ­ПО" опе­ра­ци­я­ла­ры бой­ын­ша
Сый­а­қы алу­мен бай­ла­ны­сты бас­қа кі­рі­стер
5
Сый­а­қы алу­мен бай­ла­ны­сты емес кі­рі­стер
6
оның ішін­де:
ауда­рым опе­ра­ци­я­ла­рын жү­зе­ге асы­ру­дан болған кі­рі­стер
кли­ринг­тік опе­ра­ци­я­лар­ды жү­зе­ге асы­ру­дан болған кі­рі­стер
кас­са­лық опе­ра­ци­я­лар­ды жү­зе­ге асы­ру­дан болған кі­рі­стер
ин­кас­са­ци­я­ны жү­зе­ге асы­ру­дан болған кі­рі­стер
Қар­жы­лық қыз­мет­пен бай­ла­ны­сты бас­қа кі­рі­стер
7
Қар­жы ак­тив­те­рі бой­ын­ша кі­рі­стер (шы­ғы­стар) (нет­то)
8
оның ішін­де:
қар­жы ак­тив­те­рін са­тып алу­дан/са­ту­дан болған кі­рі­стер (шы­ғы­стар) (нет­то)
әділ құн бой­ын­ша есеп­ке алын­ған қар­жы ак­тив­те­рі құ­ны­ның өзге­ру­і­нен болған кі­рі­стер (шы­ғы­стар) (нет­то)
Ше­тел ва­лю­та­сын қай­та ба­ға­ла­удан болған кі­рі­стер (шы­ғы­стар) (нет­то)
9
Қар­жы­лық қыз­мет­пен бай­ла­ны­сты емес бас­қа кі­рі­стер
10
Бас­қа заң­ды тұ­лға­лар­дың ка­пи­та­лы­на қа­ты­су­дан болған кі­рі­стер
11
Ак­тив­тер­ді са­ту­дан (шы­ға­ру­дан) болған кі­рі­стер
12
Бас­қа кі­рі­стер
13
Кі­рі­стер­дің жиын­тығы (3 – 13 ара­лы­ғын­да­ғы жол­дар со­ма­сы)
14
Дай­ын өнім­ді (жұ­мысты, қыз­мет­ті) са­ту­мен бай­ла­ны­сты шы­ғы­стар
15
Опе­ра­ци­я­лық шы­ғы­стар
16
оның ішін­де:
ең­бек­ке ақы тө­леу және іс­са­пар шы­ғы­ста­ры
амор­ти­за­ци­я­лық ауда­рым­дар
са­лық­тар және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер­ді тө­леу бой­ын­ша шы­ғы­стар (пай­да­ға са­лық­тан бас­қа)
Қар­жы­лық қыз­мет­пен бай­ла­ны­сты шы­ғы­стар
Сый­а­қы тө­ле­умен бай­ла­ны­сты шы­ғы­стар
17
оның ішін­де:
тар­ты­л­ған са­лым­дар бой­ын­ша
алын­ған за­ем­дар бой­ын­ша
алын­ған қар­жы­лық жал­дау бой­ын­ша
шы­ға­ры­л­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар бой­ын­ша
"РЕ­ПО" опе­ра­ци­я­ла­ры бой­ын­ша
Сый­а­қы тө­ле­умен бай­ла­ны­сты бас­қа шы­ғы­стар
18
Сый­а­қы тө­ле­умен бай­ла­ны­сты емес қар­жы­лық қыз­мет бой­ын­ша шы­ғы­стар
19
оның ішін­де:
ауда­рым опе­ра­ци­я­ла­рын жү­зе­ге асы­ру­дан болған шы­ғы­стар
кли­ринг­тік опе­ра­ци­я­лар­ды жү­зе­ге асы­ру­дан болған шы­ғы­стар
кас­са­лық опе­ра­ци­я­лар­ды жү­зе­ге асы­ру­дан болған шы­ғы­стар
ин­кас­са­ци­я­ны жү­зе­ге асы­ру­дан болған шы­ғы­стар
Бас­қа шы­ғы­стар
20
Шы­ғы­стар­дың жиын­тығы (15 – 20 ара­лы­ғын­да­ғы жол­дар со­ма­сы)
21
Пай­да­ға са­лық са­лын­ған­ға дей­ін­гі та­за пай­да (зи­ян), жиын­тығы (14-жол – 21-жол)
22
Пай­да­ға са­лық
23
Пай­да­ға са­лық тө­ле­ген­нен кей­ін­гі та­за пай­да (зи­ян) (22-жол – 23-жол)
24
Тоқ­та­ты­л­ған қыз­мет­тен болған пай­да (зи­ян)
25
Аз­шы­лық үле­сі
26
Ке­зең ішін­де­гі та­за пай­да (зи­ян), жиын­тығы (24-жол +/– 25-жол – 26-жол)
27
2-бағанда түсіндірме жазбада көрсетілген баптар бойынша ескертпелердің нөмірлері көрсетіледі.
"Азшылық үлесі" бабы шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасаған кезде толтырылады.
Бірінші басшы   ___________________________ күні ________
Бас бухгалтер   ___________________________ күні ________
Орындаушы       ___________________________ күні ________
Телефон         ___________________________
Мөрдің орны

Қолданыстағы