Об организации профессиональной последипломной практики для безработной молодежи Бухар-Жырауского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации профессиональной последипломной практики для безработной молодежи Бухар-Жырауского района
- Атауы (қаз.)
- Бұқар жырау ауданының жұмыссыз жастары үшін кәсіптік дипломнан кейінгі практикасын ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 16/01
- Қабылданған күні
- 23.06.2009
- Көрсетілген редакция
- 24.05.2010 AI46860_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.05.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09KK000077
- ЭКБ идентификаторы
- 46860
- Редакция идентификаторы
- AI46860_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:53
0 Бұқар жырау ауданының жұмыссыз жастары үшін кәсіптік дипломнан кейінгі практикасын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, жұмыссыз жастар - орта және жоғарғы кәсіби білім оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру және олардың практикалық тәжірибе, білім және дағды алу мүмкіндігін кеңейту мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. "Бұқар жырау ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
1
1) орта және жоғарғы кәсіби білім оқу орындарын (одан әрі кәсіби оқу орындарын) бітірген, жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелген жұмыссыз азаматтар арасында жастар саясатын жүргізу, кәсібі бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін алу үшін жағдай туғызу, жұмысқа орналасу және еңбек нарығында бәсекелестікті арттыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын;
2 2) кәсіби оқу орындарын бітірген түлектерге – жұмыссыз жастарға уақытша жұмыс орындарын беруге ниет қылған жұмыс берушілермен жұмыссыз жастар үшін, жастар практикасында, кәсіптік дипломнан кейінгі практикасын ұйымдастыруға шарт жасалсын;
3
3) жастар саясатын жүргізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру 002 "Жұмыспен қамту бағдарламасы" бағдарламасының 103 "Республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар саясаты бағдарламасын кеңейту" бағдарламасы бойынша қарастырылған республикалық бюджет қаржысы есебінен жүргізілсін.