Құжат мәтініне өту

Об организации социальных рабочих мест для трудоустройства безработных из целевых групп

Қаулы · № 16/02 · қабылданған 23.06.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-46861/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об организации социальных рабочих мест для трудоустройства безработных из целевых групп Күшін жойған Қаулы ·№ 16/02 ·23.06.2009
02.06.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации социальных рабочих мест для трудоустройства безработных из целевых групп

Күшін жойған Қаулы ·№ 16/02 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации социальных рабочих мест для трудоустройства безработных из целевых групп
Атауы (қаз.)
Мақсатты топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
16/02
Қабылданған күні
23.06.2009
Көрсетілген редакция
02.06.2010 AI46861_2.kaz
Соңғы өзгеріс
02.06.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09KK000078
ЭКБ идентификаторы
46861
Редакция идентификаторы
AI46861_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:53

0 Мақсатты топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, мақсатты топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ауданның ұйымдары, кәсіпорындары, мекемелері Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіпте, өкілетті орган тіркеуге қойған, мақсатты топтардан жұмыссыздарды уақытша жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құрсын.

2 2. "Бұқар жырау ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:

1 1) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істеуге ниет қылған мақсатты топтардан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа қабылдау және жұмысқа бағыттау жөніндегі жұмысты жүргізсін;

2 2) осы санаттағы азаматтарды жұмысқа орналастыру жөнінде жұмыс берушілермен шарттар жасау жөніндегі жұмысты жүргізсін;

3 3) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың тиімділігін, жасалған шарттардың орындалуын қадағалау жөнінде жұмыс жүргізсін;

4 4) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасудың мониторингін жүргізсін;

5 5) мақсатты топтардағы жұмыссыздардың еңбекақы төлемі үшін жұмыс беруші шығынының өтемақысы Республикалық бюджеттен мақсатты трансферттер есебінен бір қызметкерге он бес мың теңге көлемінде жүргізілсін.

3 3. Әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылған жұмыс берушілер жұмыссыздардың еңбекақысын төлеуді мақсатты трансферттер қаржысынан, шығындар өтемақысының есебімен жұмыс берушінің қаржысынан отыз мың теңге көлемде төлеуді қамтамасыз етсін.

4 4. Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 15 шілдедегі N 17/03 "Мақсатты топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын (тіркеу нөмірі N 8-11-59, 2008 жылғы 30 тамыздағы N 35 аудандық "Сарыарқа" газеті).

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асхат Сағадиұлы Әлиге жүктелсін.

6 6. Осы қаулы ресми жарияланғаннан бастап қолданысқа енгізіледі және осы 2009 жылдың 1 қаңтардан туындаған құқықтық қатынастарды қамтиды.

Қолданыстағы