Об утверждении ставок платы за пользование водными ресурсами поверхности источников в Акмолинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении ставок платы за пользование водными ресурсами поверхности источников в Акмолинской области
- Атауы (қаз.)
- Ақмола облысы жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 4С-15-6
- Қабылданған күні
- 17.06.2009
- Көрсетілген редакция
- 30.09.2015 46863_128378.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.09.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09B0003325
- ЭКБ идентификаторы
- 46863
- Редакция идентификаторы
- 46863_128378
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:55
0 Ақмола облысы жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексінің 38 бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының «Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы» 2009 жылғы 14 сәуірдегі бұйрығына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Ақмола облысында жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының қоса беріліп отырған ставкалары бекітілсін (Қосымша).
2
2. Ақмола облыстық мәслихатының «Ақмола облысында 2007 жылы жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» 2007 жылғы 6 шілдедегі № 3С-28-7 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3230 тіркелген, 2007 жылдың 4 тамызында «Арқа ажары» газетінде және 2007 жылдың 9 тамызында «Акмолинская правда» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Балық шаруашылығының Ақмола
облыстық аумақтық инспекциясы
бастығының міндетін атқарушы
Жағабылов Ш.С.
Есіл экология департаменті
бастығының орынбасары
Шалабаев Қ.М.
Ақмола облысы бойынша Салық
департаментінің бастығы
Нүсіпов Ж.С.
Ақмола облысының ауыл
шаруашылығы басқармасының
бастығы
Ахмеджанова А.Т.
Ақмола облысының кәсіпкерлік
пен өнеркәсіп
басқармасының бастығы
Қойшыбаев м.С.
Ақмола облысының қаржы
басқармасының бастығы
Бүлтенов Т.С.
Ақмола облысының экономика
мен бюджетті жоспарлау
басқармасының бастығы
Тақамбаев М.Ш.
4 Ақмола облыстық мәслихатының
2009 жылғы 17 маусымдағы
№ 4С-15-6 шешіміне
қосымша
Ақмола облысында жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары
№ р/с
Суды пайдаланудың арнайы түрі
Өлшем бірлігі
Базалық Ставкалар (теңге)
Нормативтік Ставкалар (теңге)
1
Тұрғын үйді пайдалану және коммуналдық қызметтер
1000 м 3
61
61
2
Өнеркәсіп, жылу энергиясын қоса есептегенде
1000 м 3
169
169
3
Ауыл шаруашылығы
1000 м 3
48
48
4
Су көздерінен су алушы тоған шаруашылығы
1000 м 3
48
48
5
6
Гидроэнергетика
кВт/сағат
17
17
7
Су көлігі
1000 т.км
5
5
Ескерту: нормативтік ставкалар жыл сайын ағымдағы жылдың инфляция деңгейіне қатысты индекстеледі.